Жарнама
Экономика

Отандық өнімнің өрісі кеңіді

Отандық өндірушілердің бастамаларын қолдау және дамыту жөнінде Президенттің 2024 жылғы халыққа Жолдауында жүктелген міндетті орындау бағытында өңірде де өрелі істер өрісін жайып келеді.

Бүгінде облыста 30-дан астам наубайхана жұмыс істейді. Бұларда тәулігіне 50 мың данаға дейін нан өнімдері шығарылады.

Мәселен, бір ғана «Дәулет нан» цехында нан-бөлке және кондитерлік өнімдердің 52 түрі дайындалады. Сол сияқты, «Риза» жеке кәсіпкерлігі дәмі тіл үйірер тәттілердің 30-ға жуық түрін ұсынады. Өз өнімдерін өтімді күйде сату мақсатында кәсіпкер жыл сайын сауда нүктелерінің санын көбейтіп, желісін кеңейтіп келеді.

Жақында ғана Индер ауданында «Tatti Cakes» деп аталатын тағы бір кондитерлік цех іске қосылды. Мұнда тәулігіне 400 дана нан пісіріледі. Шағын ғана өндіріс ошағы санаулы уақыт ішінде жергілікті тұрғындардың жоғары сұранысына ие болды.

«Tatti Cakes» цехының әкімгері Динара Торетаеваның айтуынша, қазіргі уақытта мұнда 50-ге жуық адам тұрақты жұмысқа тартылған. Нан-бөлке өнімдерінен бөлек, цехта түрлі тәттілер мен кондитерлік өнімдер шығарылады екен.

— Кәсібімізді кеңейте отырып, қосымша шағын кофеханамызды да ашып қойдық. Бұл — өнімдеріміздің өтімділігіне оң әсерін тигізіп отыр, — дейді кәсіп иесі.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button