Жарнама
Экономика

ӨРІСІН ЖАЙҒАН ӨРЕЛІ ІС

 

— Лариса Жасталапқызы, жаңа жыл елімізге құт әкелсін. Байқауымызша, жылан жылы табысты болған сияқты…

Рахмет. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде АМӨЗ жаңғырту және хош иісті көмірсутекті өндіретін жобасы аяқталу сатысында және газ-химиялық кешеннің құрылысы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс-индустрия, ауыл шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Индустрияландыру картасы шеңберінде биыл жалпы құны 10,2 млрд. теңгенің және 282 жұмыс орнын құрайтын жеті инвестициялық жобасы іске қосылды. Атап айтқанда:

-«ШевронМұнайГазИнк.» корпорациясының құбыр жүргізуші арматура шығаратын зауыты;

— «Тұз» ЖШС-нің натрий гипохлоритін өндіру зауыты;

— «Жігер МұнайСервис» ЖШС-нің өндірісті жаңғырту (Сервистік қызмет көрсету, телеметрикалық жүйелерді қолданумен көлбеу бұрғылауды жөндеу және техникалық сүйемелдеу);

— «СП Первомайский» ЖШС-нің сүт және сүт өнімдерін шығаратын тауарлы-сүт фермасының құрылысы;

— «Сельбаева Ш.» ЖК-нің газды бетон блоктарының өндірісі;

— «Розметова» ШҚ-ның ешкі сүті мен ешкі өнімдерінің өндірісі;

— «Эко-Техникс» ЖШС-нің мұнай қалдығын қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту.

Бүгінгі таңда аталған кәсіпорын, шаруашылықтар қызметін бастап, кәсіптерін дөңгеленте әкетті.

Шағын және орта бизнесте жеткен жетістіктер аз емес секілді. Әсіресе, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жатқан бизнес иелерінің айы оңынан туды десек артық айтқандығымыз болмас. Облыс әкімінің тапсырмасымен бірқатар іс тындырылды…

— Осы салада жемісті әрі белсенді жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 29 мыңға жетті, сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтер көлемі биылғы жыл басынан бері 431,0 млрд. теңгені құрады. Соның арқасында 85,7 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға өсіп отыр.

— «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегімен талай кәсіпкердің бизнесі өркендегені белгілі…

-Әрине. Кәсіпкерлер жобаларының өсуіне байланысты, республикалық бюджеттен несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қосымша 265,7 млн. теңге бөлінді. Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 9,3 млрд. теңге болатын 39 жоба мақұлданды. Бұл бағдарламаға қатысу облыс кәсіпкерлеріне әртүрлі саладағы шағын және орта бизнестің жаңа объектілерін ашуға мүмкіндік берді, 434 жаңа жұмыс орны құрылды.

Несиені ішінара кепілдендіру бойынша «Эко-Техникс» ЖШС-нің «Жабдықтар мен арнайы техника сатып алу» жобасы қолдауға ие болды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша төрт жоба мақұлданып, бағдарламаның қаржылай емес құралы шеңберінде 590 жас бизнесмен «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтті. «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша бизнес-тренингтерге 11 кәсіпкер қатысты.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» II бағыты шеңберінде бизнес иелері қандай көмекке ие болды?

— Бағдарлама аясында моноқала кәсіпкерлеріне несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, шағын кредиттер беру, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту және гранттар ұсыну түрінде қолдау шаралары көрсетілді.

Ағымдағы жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 681,0 млн. теңге төрт жоба мақұлданды.

Шағын несие беруге «Атырау» ӘКК» АҚ уәкілетті өңірлік ұйым болып анықталды. Жылыой ауданы Құлсары қаласында бес несие серіктестігі құрылып, құжаттары жасақталды. Оларға 54,0 млн. теңге берілу жоспарлануда және жұмыс жасап тұрған «Құлсары несие серіктестігі» құрамына 24 несие алушыны кіргізу арқылы 72,0 млн. теңгеге наубайхана, шаштараз, кемпинг, жиһаз құрастыру цехын ашу және кеңейтуге беру жоспарланып отыр.

Құлсары қаласынан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтамасыз етілген тұрғындарының ішінен 85 адам кәсiпкерлiк негiздерiне оқытылды.

Осы орайда келесі жылға жоспарланған жобалар төңірегінде айта кетесіз бе?

Келер жылы жалпы құны 17,7 млрд. теңгені құрайтын алты жобаны іске қосу жоспарлануда. Соның негізінде 1272 жұмыс орны құрылмақ. Атап айтсақ:

— «ЦВС «Ескене» ЖШС-нің «Ескене» вагонды сервис орталығы;

— «Alan building systems» ЖШС-нің модульдік үй-тұрғызу фабрикасының құрылысы;

— «Caspian Royal Fish» ШҚ» ЖК-нің тауар-бекіре фермасы;

— «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру;

— «SP Euro Salda» ЖШС-нің «Бай Кола» шырынын шығаратын зауыт;

— «АтырауНефтемаш» ЖШС ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру.

Осы жобалардың тұсаукесерінде жүздесейік. Әңгімеңізге бек рахмет.

Әңгімелескен

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button