ӨНДІРІС ӨРІСІ КЕҢЕЮДЕ
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерге көрсетіліп жатқан қамқорлық аз емес. Қалада қазір не көп, супермаркет көп. Солармен келісім-шартқа отырып, өнімдерімізді халыққа жеткізіп отырмыз. Жайық жағалауында екі тірі балық айлағы жұмыс жасайды. Қалада тоғыз сатылым нүктеміз бар. Жыл сайын 3,5 мың тонна мұздатылған, 1600 тонна кептірілген, 400 тонна ысталған балық және 200 тонна сүбе өнімі дайындалады.
Бұрын өнімдерімізді базар сөрелеріне қоюға мүмкіншілігіміз аз еді. Қазір жергілікті әкімшілік арнайы орындар бөлді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде талай үндеулер жариялап отырады. Мемлекеттен 6 пайыздық үстемеақымен несиеге қаржы алып, биыл Алматы қаласынан жаңа цех құрылысын бастадық. Алматының өзінде 26 жылжымалы автодүкен бар. Сондай дүкеннің төртеуі қазір – Атырауда. Міне, осылайша кәсіпорын өрісі кеңейе түспек.
Орақ БАТЫРХАНОВ,
Амангелді атындағы өндірістік кооперативі
төрағасының орынбасары.