Өндірістік қауіпсіздік — басты назарда
Каспий құбыр консорциумы – өндірістік қауіпсіздікті басты назарда ұстайтын компаниялардың бірі. Оған дәлел, кәсіпорын 2023 жылды өндірістегі жарақатсыз және бақытсыздық оқиғасынсыз өткізген.
Сандарды сөйлетсек, есепті мерзімде мұндағы автокөліктер ешқандай жол-көлік оқиғасын болдырмай 11,3 млн. шақырым жол жүрген. Бұл туралы жақында өткен компанияның жылдық есеп беру жиынында акционерлік қоғамның бас директоры Николай Горьбань мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы жыл басынан бергі бес айда теңіз арқылы мұнай тиелген 244 танкер жөнелтіліп, жоспарланғаннан бес бірлікке артқан. Соның ішінде, экспортқа шығарылған өнім көлемі 26,7 млн. тоннаны (өткен жылы ол 25,92 млн. тонна болыпты) құраған. Теңіз кен алаңынан жіберілген мұнайдың көлемі өткен жылғыдан 7,9 млн. тоннаға кемісе, Қашағанда 3,3 млн. тоннаға артқан.Тұтастай алғанда, қос кеніш бойынша жоспарланғаны мен нақты жөнелтілген «қара алтынның» арасындағы алшақтық 4,8 млн. тоннаға тұрақтапты. «Теңіз» мұнай айдау стансасында осында берілетін электр қуатының көлемін кеңейтумен байланысты қолға алынған құрылыс-монтаж жұмыстары мәресіне жеткен.
Дәулетқали АРУЕВ