ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН

35aa4df4 6c4e 427c b3be 53369826e127 Экономика

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар ортаға салынды»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында апта сайын мониторинг жүргізілуде.
«Делдалдық жол бермеу мақсатында, жергілікті ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне өздерінің өндірген өнімдерін халыққа қол жетімді бағамен ұсыну мақсатында 128 тегін сауда нүктелері берілді.

47b84073 35e4 4b03 bbdd adc7ebf5aaf7

ed4f09f2 c753 4ce8 8f44 af05aec1ee80

cbb3d63b 1d0d 4398 9e68 87b149892893

Сондай-ақ, қазіргі таңда, «айналым схемасы» арқылы да жұмыстар жүргізілуде. Бұл әдіс бойынша 800 тонна картоп, 600 тонна сәбіз, 400 тонна пияз, 250 тонна қырыққабат өнімдері жиналды»,- деді А.Саламат.
Оған қоса, 2022 жыл үшін «Азық-түлік Келісім Шарт Корпорациясынан» өңірге қажетті 25 000 тонна бидай алуға Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұраныс берілгенін мәлімдеді.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру да өзекті мәселе екенін баса айтқан аймақ басшысы бағаны бақылауда ұстау үшін тиісті органдарға жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз