Жарнама
Экономика

Облыстың сауда саласындағы негізгі капитал: Инвестицияның 62,6%-ы орындалды

Атырау облысы бойынша сауда саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің жоспарлы көрсеткіші 23,1 млрд теңге деп белгіленген. Оның бүгінгі күнге дейін 62,6%-ы орындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиевтің мәлімдеуінше, ұлттық статистика бюросының деректерінде биыл қаңтар-тамыз айларында сауда саласындағы негізгі капиталға бөлінген инвестициялар 14,5 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде «Көтерме және бөлшек сауда», «Автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» бойынша – 6,01 млрд теңге, «Қаржы және сақтандыру қызметіне» – 0,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар «Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету» саласы бойынша – 7,4 млрд теңге бөлінсе, «Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну» бойынша бөлінген инвестиция – 0,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар департамент басшысы 2023-2025 жылдарға арналған сауда саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жоба шеңберінде сөз қозғады.

— Осы жылы облыстың қала және аудандарынан сауда саласы бойынша 11,5 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба енгізілген болатын. Қазіргі таңда олардың 42-ы жүзеге асырылып, қалған 5 жобаны жыл аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оған қоса айта кету керек, бүгінде облыс бойынша сыйымдылығы 29 200 тонна болатын 5 көкөніс сақтау қоймасы тіркелген, — деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, биыл мамыр, маусым және қыркүйек айларында «Қызанақ AGRO» ЖШС және «Агрофеликс» шаруа қожалығымен жалпы көлемі 5136 тонна болатын әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері бойынша құны 747 млн теңгені құрайтын келісім шарт жасақталды. Оның ішінде 1582 тонна картоп, 1513 тонна жуа, 1290 тонна сәбіз, 751 тонна қырыққабат өнімдері бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button