Жарнама
Экономика

Облыс әкімі мерекемен құттықтады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Құрметті құрылыс саласыныңқызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Құрылыс саласы бүгінде Қазақстан экономикасы жетекші секторының бірі болып табылады.Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайтып, бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы құрылыс индустриясын Отанымыздың инновациялық флагмандарының біріне айналдыруымызқажет,сол себепті сала алдында тұрған асқаралы міндеттер толықтай жүзеге асыруды талап етеді.Майталман мамандар – сәулетші, жобалаушы, құрылысшыларсыз мұндай іргелі істі атқару мүмкін емес.Өңір дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын.Арнайы ризашылық лепті лебізіміз – қажырлы еңбектерімен сүйікті Отанымыз бен облысымыздың өркендеуіне негіз боларлық берік іргетасын қаласқан құрылыс саласының ардақты ардагерлеріне арналады.Баршаңызға шынайы көңілден мықты денсаулық, сарқылмас бақыт, береке мен табыс тілеймін!» деп жазды аймақ басшысы өзінің «фейсбук» парақшасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button