![Министрліктен келген өкіл Атырау-Астрахан тасжолының құрылысымен танысты 1 16 768x512 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/16-768x512-1.jpg)
Экономика
Министрліктен келген өкіл Атырау-Астрахан тасжолының құрылысымен танысты
Атырау облысына ҚР ИИД Министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков іссапармен келді.
Ол Атырау-Астрахань тас жолының құрылыс жұмысымен танысты. Ұзындығы 277 шақырым Атырау-Астрахань тас жолының қайта жаңғырту жобасы 6 бөлікке бөлінген. Өткен жылы 20 шақырым жол пайдалануға берілген болатын. Енді жұмыс 5 бөлік бойынша жалғасады.
— Министр тапсырмасына сай, енді бұл жол уақытылы әрі сапалы салынуы тиіс. Жол құрылысын тезірек аяқтау үшін қөз қысты, бармақ бастығы жол берілмейді, — дейді Жол активтері ұлттық сапа орталығы РМК Атырау облыстық филиалының директоры Б.Мұқашев.
Диас НАУРЫЗАЛИЕВ