Жарнама
Экономика

Министр Атыраудағы жол жөндеу жұмыстарын өзі барып тексерді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Атырау облысына іс-сапармен барды. Сапар барысында ведомство басшысы Оралдан Атырауға автокөлікпен шығып, еліміздің батыс аймағындағы республикалық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, екі күн ішінде ИИДМ басшысы «Орал қ. – Казталовка ауылы –  «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолы – «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолы – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы (Ганюшкино) Атырау облысы –  «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жүріп өтті.

Сапар аясында Қайырбек Өскенбаев бірқатар құрылыс нысандарында болып, «Атырау-Астрахань» сияқты ірі көлік дәлізінде жөндеу жұмыстарын жүрігізіп жатқан мердігер компания өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар министр шалғай елдімекен тұрғындарымен тағы бір мәрте кездесу өткізді. Кездесулерде аймақтағы қордаланған мәселелер талқыланып, жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы жан-жақты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ ИИДМ басшысы жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.

220603113659911e

 «Естеріңізде болса, Атырау облысына айына бір рет міндетті түрде келуге уәде берген болатынмын. Басты мақсатым  – өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен оның орындалу мерзімін жіті қадағалау. Өткен жолы Атыраудан келсем, бұл жолы Орал арқылы жол түсіп отыр. Қазіргі күнде облыс орталықтарында да жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы сапарымда ондағы жұмыспен де танысуға тура келді. Мемлекет басшылығы өңірдегі көлік жолдарының ахуалына ерекше назар аударып отыр. Сондықтан да біз атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде әрдайым бақылауда ұстаймыз», – деді Қайырбек Өскенбаев Құрманғазы ауылының тұрғындарымен кездесуде.

Министрмен жүздесу барысында тұрғындар ИИДМ басшысының өткен жолғы сапарынан кейін құрылыс нысандарына қызу жұмыстар басталғанын, құрылысшылар мен жол жөндеу техникаларының саны артқандығын жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2206031137411383g

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button