Жарнама
Экономика

Мәскеуде дара шыққан Сара

Облыстық ұлттық гимназия қабырғасынан талабы таудай, мақсаты айқын  дарынды шәкірттер әр жыл сайын түлеп ұшуда. Солардың бірі – Сара  Шапенова.

11 сынып оқушысыРесейдің Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жобалар жарысында «Математикалық есептеулермен ою-өрнекті қолдану» (Математические принципы построения орнаментов) тақырыбында қолөнерді компьютерге түсіріп, жүлделі II орынды иеленді.

Қазақтың ұлттық оюларының математикадағы көрінісін шебер көрсете білген оқушының бұл жұмысы «ерекше біліктілікпен жазылған жоба» деп бағаланған. Сара ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, мектеп қабырғасында жүріп студент атанып отыр.

 — Мектепте математикадан сабақ беретін ұстазым – Гүлфайрус Бисенғалиева. Қазақтың ою-өрнегін математикалық түрде таныстырып,Corel Draw бағдарламасы арқылы киіз алашаның жобасын жасаған едім. Қазылар алқасы жұмысымды жоғары бағалап, болашақта іске асатын жобалардың қатарында атады. Халықаралық жарысқа 150-ден астам қазақстандық оқушы қатысты, — дейді жас ғалым.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button