Жарнама
Экономика

Махамбет ауылында жеке кәсіпкер экологиялық маңызы бар жобамен айналысуда

Махамбет ауданында жеке кәсіпкер ерекше жобаны қолға алды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны кәсіпкер Бағытжан Мурзагалиев былтыр қолға алған. Жұмысты жолға қойып, жасауға болатынына көзі жеткен соң, биыл заңдастырған. Қазір «Мадина» жеке кәсіпкерлігін тіркетіп, заңды түрде жұмысын жасап отыр. Яғни ол ауыл тұрғындарының қоқыстарын жинап, тасымалдау қызметін атқарады.

-2005 жылы өзім үшін ГАЗ-54 автокөлігін сатып алған болатынмын. Алғашында сол көлікпен қоқысын шығарып беруге өтініш білдірген тұрғындардың үйіне барып қызмет көрсетіп жүрдім. Бертін келе контейнер арқылы табыс табуға болатынын естідім. Осы шаруаны бастап көруге тәуекел еттім де, өткен жылы қолға алдым. Кәсібімді заңдастырған соң 105 үймен келісім-шартқа отырдым. Әр үйдің ауласына ішіне қоқысқа арналған пакеті бар контейнер қойдым. Аптасына бір рет, яғни айына төрт рет өзім барып алып тұрамын. Бұл контейнерлер қатты, құрғақ тұрмыстық қалдықтарға арналған. Қасымда бір көмекшім бар. Бензин, қоқыс пакеттері және көмекшіге төлейтін жалақыны алып тастағанда айына 150 мың табыс тауып отырмын,- деді Б.Мурзагалиев.

Сондай-ақ ол, алға қарай мемлекет тарапынан қолдау болып, техникасын жаңартса, қызметін пайдаланушылардың санын көбейту ойында бар екенін жеткізді.

Ал «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Жексенбай Пазуловтың айтуынша, Махамбет ауылында 12 мыңға жуық тұрғын, 2500 аула бар. Ауылдың тазалығын сақтау, қоқыс шығару мәселесін шешу үшін осындай кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бәсекелестік ортаны қалыптастырудың маңызы зор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button