Жарнама
Экономика

Махамбетте қарбыз пісті

Таңдайлық кәсіпкер Қуаныш МедеуовтІң қарбыздары жергілікті сауда орындарына жол тартты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, ауданда алғашқылардың бірі болып өнім жинап жатқан кәсіпкер биыл 6 гектар аумаққа қарбыз еккен. «Медеуов К» шаура қожалығының қарбыздары келісі 160 теңгеден сатылуда. Бастысы, жергілікті өнім құрамында нитрат жоқ. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың айтуынша, ауданда жалпы 100 шаруа қожалығы көкөніс өсіруде.

– Жер жыртып, егін егемін деген шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Шаруа тыңайтқыш және тамшылатып суару құрылғыларын сатып алған жағдайда 50 пайызы субсидияланады. Ал, трактор сатып алуға жұмсалған шаруа қаржысының 25 пайызын субсидия негізінде мемлекет өтейді. Биыл аудан бойынша 10 шаруа қожалығы субсидия алып үлгерді. Тағы да өтініш беріп кезегін күткендер көп. Субсидия алу қараша айына дейін жалғаспақ, — дейді бөлім басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button