Жарнама
Экономика

ҚОРДАҒЫ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛУДА

 

Еске сала кетсек, «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары үшін депозиттер бойынша төлем жасау әлі де жалғасуда.

— Депозит бойынша сыйақыны есепке алмағанда, 5 миллион теңгеге дейін қалдық қаражатты алам деушілер «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшесіне хабарласулары қажет. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы, мұрагерлер үшін – мұра құқығын растайтын құжаттар, өкілдер үшін – нотариуспен расталған сенімхат және талап құқығы көрсетілген құжаттар қажет, — дейді Элмира Қалымова.

Міне, осыдан кейін ғана бес жұмыс күні ішінде өтемдер толық төленбек. Депозит қалдығы туралы ақпаратты Қарағанды қаласындағы тарату комиссиясының бас кеңсесінен немесе www.kdif.kz сайты мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 8 800 080 10 20 нөмірі арқылы білуге болады.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button