Кейбір өңірлерде шағын бизнес саны азайып кетті
Елімізде 20 аймақтың тоғызында жеке кәсіпкерлердің саны бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда төмендеген.
TengeLife ақпараттық ресурсының хабарлауынша, бұл жағдай Қазақстанның батысы мен шығысында орналасқан барлық облыс, оңтүстігіндегі екі (Қызылорда, Түркістан) және орталығындағы бір (Ұлытау) облысына қатысты. Бұл аймақтардың жиынтық көрсеткіші 30 мың бірлікке, яғни 608,6 мың бірлікке дейін қысқарған. Салыстырмалы түрде 5%-ға төмендеді. Қызылордада – 13% немесе 8,8 мың бірлік, Атырауда – 8% немесе 4,9 мың бірлік, Маңғыстауда — 7% немесе 5,2 мың бірлікке азайды.
Жалпы, елімізде жеке кәсіпкерлер саны бір жылда 24,4 мың бірлікке, 1,66 миллионға дейін өсті. Салыстырмалы түрдегі өсім – 1,5%. Сонда 11 аймақ қалған тоғызындағы құлдырауды артығымен жаба алған.