Кәсіпкерлер саны артты

screenshot 20220523 170718 Экономика

– Есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде егін және мал шаруашылығы бағытында 7 кәсіпкерлік 124,6 миллион теңге несие алды.

Ауданда жалпы 260 кәсіпкерлік нысан тіркелген. 2021 жылы 11 кәсіпкерлік объектісі іске қосылды. 2022-2023 жылдары ауданда «PromGaz BP» ЖШС «Жанар жағар май стансасы» жобасын және «Атырау Құс» ЖШС-нің «Бройлерлік құс фермасы» жобасын іске асыру көзделуде. Оларда барлығы 126 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, деді Махамбет ауданының әкімі Р.Жанқылыш.

​Оның айтуынша, аудан көлемінде Индустрияландыру картасына жалпы құны 11,0 млрд. теңге құрайтын 5 жоба енгізілген. Олардың төртеуі іске асырылып, қазір «Meken Chiken» ЖШС «Бройлерлік құс етін өндіру фабрикасының» құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ, ол «Жумагалиева» шаруа қожалығы 4 гектар жерге жылыжай салу жобасын және «Guryev» ЖШС-і «Жылы және салқын су өлшеу құрылғыларын өндіру» құрылыс жұмыстары іске асырып жатқандығын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз