Жарнама
Экономика

Кәсіп қылғанға нәсіп табылады

            Бүгінде Мақат ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 813-ті құрайды. Оның 84-і заңды тұлға, 105-і шаруа қожалығы және 1 624-і жеке кәсіпкер.

            -Бұлардың арасында нақты жұмыс істеп тұрғаны 1686, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 2 931 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9 пайызға өсті. Биыл қаңтардан бастап кәсіпкерлік нысандарында өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 8 млрд.  482  млн. теңгені құрап, белгіленген меженің орындалысы 100 пайызға жуықтады, — дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ақмарал Жангереева.

            Оның айтуынша, биыл үш айда 217 адам мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылған. Бұған қоса, 30-ға тарта азамат мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген несие мен қазынадан қайтарымсыз грант алуға өтініш білдіріпті. Бұл мақсатқа бюджеттен 226,3 млн.теңге қаржы бағыттау жоспарланған.

            Осылайша, мақаттықтар да кәсіп қылғанға нәсіптің табылатынына көз жеткізуде.

Дәулетқали АРУЕВ

Мақат ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button