Жарнама
Экономика

Инфляция: өсе ме, түсе ме?

Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша биылғы шілде айында тұтыну бағаларының индексі 100,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының құны 100,3, азық-түлік емес тауарларға 100,8 және ақылы қызметтерге 100,6 пайыз деңгейінде қалыптасты. Еліміз бойынша тамыздағы инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайыз, былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,9 пайыздың деңгейінде болды.

kartinka_0

Ал, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдырып отыр. Бас банкир Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банк 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10 және 8 пайыз деңгейінде сақталыпты.

– Жаңартылған болжамдарға сәйкес, біз инфляцияның төмендеу қарқындарының баяулау тәуекелдерін көріп отырмыз. Яғни, инфляция баяулайды, бірақ, біз бұрын бағалағаннан да баяу. Биыл ішкі сұраныс пен әлемдік экономика көрсеткіштерінің тарапынан проинфляциялық қысым күшеюде, — деді Д.Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, инфляцияның 2019 жылы 4-6 пайыздық болжамды дәліздің жоғары шегіне жақын болуы және 2020 жылдың соңында 4 пайыздан төмен дәлізден асып кету тәуекелдері бар.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button