ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗ ҚҰНЫН ЖОЙМАЙДЫ

Өмір өткелдеріне зер салғанымда, басымнан өткізген сан қилы қиындықтар есіме түседі. Соның бәрін сабырмен, төзіммен, адал еңбекпен жеңіп, бүгінгі күнге де аман-есен жеттік.

 

Орта мектептің 8-сыныбын бітірген соң ата-анаға қолғанат болдым. Қабырғам қатпаған талдырмаш шағымда Доссордағы автомобиль жөндеу зауытында слесарьдың үйренушісі болып жұмысқа қабылдандым. Осы зауытта табан аудармай 50 жыл 3 ай еңбек еттім. ұжымда жауапты қызметтерді атқара жүріп, зауыттың басшысы қызметінен зейнетке шықтым. Қазір «Доссормұнаймаш» аталған осы кәсіпорынның нарықтың өтпелі кезеңдерінде тұралап қалмай, алға жылжуына бір кісідей атсалыстым.

Менің айтайын дегенім, қиындық бізде ғана емес, жаһанда да болып жатыр. Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 39 долларға дейін төмендеп кеткен де кез болды. Греция, Қытай, Ресейде де жағдай айтарлықтай мәз емес. Жаһандағы экономикалық көрсеткіштердің құбылмалы күйге түсуіне орай, жағдайдың алдын алу мақсатында үкіметіміз жедел шешімдер қабылдап жатыр.

Елбасымыз бізді талай тұйықтан аман-есен алып шықты ғой. Осы жолы да сындарлы сәттен қиналмай өтеміз деп ойлаймын.

Жеңіс ҚАНАТБАЕВ,

ардагер мұнайшы,

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз