Жарнама
ЭкономикаСарапTimeҚоғам

ИНДЕРДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Индер ауданының әкімі Салауат  Өтеғұлов Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баспасөз брифингін өткізді.

Индер ауданында облыстық және аудандық жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 76,9  пайыздан 83 пайызға дейін өседі

-2018 жылы Индербор кентінде кәріз желісінің жұмыстары жүргізілгені белгілі. Аталған треншеялар талапқа сәйкес көмілсе де, жаңбыр сулары табиғи рельеф арқылы осы қазылған жерлерге ағып, кей жерлерде жолдардың отырып кету фактілері орын алуда. Биыл аталған автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, өткен жылы салынған жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстарын жолды салған мекеменің кепілдік мерзімі арқылы жүргізілу жоспарлануда, деді  С.Өтеғұлов.

Сонымен қатар аудан әкімі Өрлік ауылының жалпы ұзындығы 13,5 шақырым автомобиль жолы құрылысы 2021 жылы басталғанын айтты. Қазіргі уақытта оның 4,2 шақырымы аяқталып отыр. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, Өрлік ауылының ауылішілік автомобиль жолы толық аяқталатынын жеткізді. Оған қоса ол Болашақ мөлтек ауданында 3,3 шақырым болатын 3 орталық көшеге автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салу үшін құжаттары жасақталуда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Шығыс мөлтек ауданындағы 13 көшенің 5 көшесіне жол салынып, 2020 жылы пайдалануға берілген. Ал, қалған 8 көшеге құрылыс жұмысына мердігер мекеме анықталып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

Биыл Индер ауданында 43 тұрғын үй пайдалануға берілді

— Биыл ауданда 7021 шаршы метрді құрайтын 43 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, абаттандыру жұмыстары үшін 90 пайыз қаржысы бөлінді. Абаттандыру жұмыстары осы мамыр айының аяғында басталып, алдағы тамыз айының соңына қарай 192 отбасыға, оның ішінде 106 көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен осал топтағы отбасыларға беріледі, деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, Индербор кентінің оңтүстік батыс бөлігінен ауданы 35 гектар болатын Көктем шағын ауданында 1292 пәтерлік 20 көп қабатты тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысан салу жоспарланып, магистральді инженерлік-инфрақұрылым толық жүргізілген.

Одан бөлек, аудан әкімі Индерде «Отбасы банкі» және «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 80 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтеріп жатқанын атап өтті.

Биыл Индерде 2 млрд 621 млн теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілді

Ауданда 4 айдың ішінде ауылшаруашылығындағы өнім көлемі 2 млрд. 621 млн. теңгені құраған. Төрт түлік мал басы 6,6 пайызға өсіп, 1780,2 тонна ет және 2525,2 тонна сүт өндірілген.

Сондай-ақ, аудан бойынша 13 шаруашылық құрылымдарына 49 млн. теңгеден астам теңгенің субсидиясы төленген.

Брифинг барысында аудан әкімі ауылшаруашылығы жерлерінің жағдайына да тоқталды.

— Аудан көлеміндегі елді мекендерден радиусы 10-11 шақырымдық жайылымдық жерлерді сақтай отырып, басқа мақсаттарға жер бермеу қатаң бақылауға алынып келеді. Мал азығы дайындалатын босалқы жерлер конкурсқа шығарылмай, халық үшін пайдаланылуы тиіс. Осы бағытта Көктоғай, Есбол, Жарсуат ауылдық округтерінен 16 мың гектар шабындық жер телімі шығарылып, жергілікті тұрғындарға қол жетімді бағада ірі сабақты мал азығы дайындалатын болады, деді С.Өтеғұлов.

Аудан әкімі күні бүгінде 24 шаруашылық құрылымдары аталған іске ниет білдіріп, оның ішінде 9 шаруашылықпен келісім шарт жасалғанын айтты. 

Сондай-ақ С.Өтеғұлов Индербор кентінен сыйымдылығы 40 тонна болатын қойманы осы маусым айында ашу жоспарлануда екенін қазіргі уақытта ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, жер пайдаланушылардың өтініші және түсінік жұмыстары нәтижесінде осы жылы жалпы көлемі 5977 гектар болатын 5 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Индерде 8 медицина маманына тұрғын үй сатып алу үшін 37 миллион теңгеге жуық қаражат қаралды

Елді-мекендерді қажетті дәрігерлермен қамту мәселесі күн тәртібінде тұрған өзекті проблемалардың бірі. Жыл басынан бері ауданға 1 хирург, 1 педиатр дәрігер келген. Аудан әкімінің айтуынша, Индерде әлі 9 маманға қажеттілік бар.

-Биыл дәрігерлерге деген тапшылықты толық жою үшін қажетті шаралар алынуда. Осы тұрғыда биыл ауданға келген дәрігерлерге қолдау шаралары жалғасады. Дәлірек айтсақ, 8 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 36 млн 756 мың теңге, бір жолғы әлеуметтік қолдау шараларына 16 маман үшін 4 млн. 930 мың теңге бөлініп отыр, деді С.Өтеғұлов.

Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда салынатын және жөндеуден өтетін ғимараттар туралы да айтып өтті. С.Өтеғұловтың айтуынша, аудандық ауруханаға қарасты инфекциялық бөлімше ғимаратына жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуірінде басталды. Алдағы шілде айында жөндеу жұмыстарын аяқтау күтілуде. Одан бөлек, орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сондай-ақ, Есбол ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратының ескіруіне байланысты жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр. Күні бүгін жер телімі қарастырылуда.

Индерде өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылдың 1 мамыр жағдайына 1 млрд. 990 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 3,7 есеге өскен.

-Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд. 923 млн. 100 мың теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 884 млн. 200 мың теңгеге артты. Нақты көлем индексі 54,2 пайызды көрсетіп отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1 млрд. 143 млн. 800 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 492 млн. 800 мың теңгеге ұлғайып отыр, деді С.Өтеғұлов.

Индерде құрылыс бағытында 28 жоба іске асуда

Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын 28 жоба іске асырылуда. Оның ішінде ірі жобалар — Есбол ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысы, «Көктем» мөлтек ауданы 11 аймақтағы 5 қабатты 80 пәтерлік тұрғын үй, Өрлік ауылының автокөлік жолы, Жарсуат және Көктоғай ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары бар.

-Биылғы жылы көптеген жаңа жобаларымыздың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, көптен бері тұрғындар тарапынан көтеріліп келе жатырған «Болашақ» шағын ауданынан 200 орындық интернаты бар 300 орындық мектептің құрылысы басталатын болады. Қазіргі уақытта бастапқы қаражаты бөлінді. Сонымен қатар, Индербор кентінің Бейбарыс көшесіндегі 6 көп пәтерлі үйлердің шатыры мен қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады, деді аудан әкімі.

С.Өтеғұлов тұрғындардардың сұранысына сәйкес «Көктем» мөлек ауданынан спорт алаңы, Елтай ауылындағы орталық саябақты күрделі жөндеу жұмыстарын бастайтынын да атап өтті. Одан бөлек, Аққала ауылының оң жағалауы учаскесіне су жүйесінің құрылысы, Жарсуат, Бөдене, Көктоғай ауылдарындағы жаңа учаскелерге тоқ желісі, әкімшілік ғимараттар мен басқа да ауқымды жобаларымыз бар екенін де жеткізді.

Индерде өңірлік индустриялдық аймақ құрылды

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылдың 1 мамыр жағдайына 1 млрд. 990 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 3,7 есеге өскен.

-Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд. 923 млн. 100 мың теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 884 млн. 200 мың теңгеге артты. Нақты көлем индексі 54,2 пайызды көрсетіп отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1 млрд. 143 млн. 800 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 492 млн. 800 мың теңгеге ұлғайып отыр, деді С.Өтеғұлов.

Индерде кәсіпкерлер саны артты

-Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тоқталып өтсем, күні бүгінде 1724 кәсіпкерлік субъектілері аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Өткен жылы ауданда 1656 кәсіпкер болса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артып отыр, деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, биылдан бастап іске қосылған «Ұлттық жоба» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ауданға осы жылға 40 адамға 1 млн. 225 мың теңгеден мемлекеттік грант табыстау үшін жоспар берілді. Күні бүгінде жаңа кәсіп ашу үшін 10 адамға грант алған. Ауданда бұл жобаға үлкен сұраныс артып, ниет білдірушілер қатары көбеюде. С.Өтеғұлов жыл соңына дейін берілген жоспар толық орындалатынын айтты. Өйткені, мұны жергілікті атқарушы органдар ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие немесе грант алудағы қағидаларды түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен еркін форматтағы  кездесулерді жиі ұйымдастырымен түсіндірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button