Жарнама
Экономика

ҮИИД бағдарламасының қадамдары

 

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету – өте күрделі және өзекті мәселенің  бірі. Бұл да – еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі.

Қауіпсіз азық-түлікті айтқанда, халықтың аса көп мөлшерде қолданатын тағамдары – сүт пен ет. Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40 пайызға жуығы сырттан жеткізіледі. Яғни, аймақта халықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету көлемі 23,3 пайызды құрайды. Яғни, облыс тұрғындарының жылдық қажеттілігі 48,3 мың тонна десек, бұл әзірге 11,3 мың тонна болып отыр.         

 Сүт өңдеу кешені

Болашақта Махамбет ауданындағы «Бірінші мамыр» біріккен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір мың бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлы фермасы толықтай іске қосылғанда өңірде сүт өндіру көлемі 16 мың тоннаға жетіп, жылдық қамтылуы 33 пайызды құрайтын болады.

Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Бейбарыс ауылындағы сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару кешенін кеңейту жобасының  құны – 1 млрд. 998 млн. теңге. Аталмыш нысанды үстіміздегі жылдың екінші  жартыжылдығында іске қосу көзделген. Кешен толық қуатында жұмыс жасаған жағдайда 5686 тонна сүт өнімдерін өндіруге мүмкіндік туады.

Жобаның құны –

1,998 млн. теңге.

Кешеннің жылдық өнімінің көлемі – 5686 тонна.

Барлық жұмысшылар саны – 26 адам.

Мұнай  өндірісіне  қажетті  өнім

Үстіміздегі жылдың индустрияландыру картасына енгізілген жоба химиялық реагент өндіру жөніндегі зауыты құрылысын салу болатын. Жобаны ұсынушы «Кемикал Солюшнс» («Chemical Solutions»)  ЖШС – 100 пайыздық қазақстандық компания.

Атырау, Ақтау, Орал және Шымкент қалаларында өкілдіктері бар, ал, Атырауда өндірістік базасы орналасқан.

Компания мұнай сервисі мен химиялық реагенттер өндіруді ғылыми өңдеуден бастап өндіріске енгізуге дейінгі қызметтерін көрсете алады. Зауыттың өз күшімен тәжірибелік-өнеркәсіптік  сынақ жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар.

 

Жобалық құны – 377,5 млн. теңге

Пайдалануға берілетін мерзімі – 2015 жылдың

ІІ жартыжылдығы

Жылдық қуаты – 4000 тонна химиялық реагент

Зауытта еңбек ететін жұмысшылар саны – 96 адам

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button