Электр энергиясы: КҮНГЕЙ мен КӨЛЕҢКЕ (1 серия)

Жаңалықтар

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Аздан да, көптен де үнемдеу – экономика негізі. Әсіресе, коммуналдық қызметтерді тиімді тұтыну – бүгінгі күн талабы.

1.Тариф – тежеу тетігі емес

Сайып келгенде, таусылмайтын дүние жоқ. Елімізге сырттан жететін су көздері сарқылып келеді. Электр қуатын өндіру де жыл санап үлкен күшке айналуда. Тереңнен тартылатын табиғи газды кәдеге асыру да біраз шығынды қажет етеді. Демек, қолда бардың қадірін білген жөн. Шашпашылдық заманы өтіп барады. Ендеше, еншіміздегі ен байлығымызды шашау шығармай, ұтымды үйлестіруге үйренуді үрдіске айналдыру мақсатында «Атырау» газеті жаңа айдар ашып отыр. Ол «Үнем – қоғам қуаты» деп аталады.

Тегін жатқан шикізат жоқ

Қ а з і р г і қ о л д а н ы с т а ғ ы бағамен электр энергиясының ең шарықтау шегі республика бойынша іргедегі Маңғыстау облысында екен. Мұнда қосымша құн салығын қоспағанда əр киловаттсағат 15,96 теңге тұрады. Одан кейін Астанада 15,88; Солтүстік Қазақстанда 11,53; Нұр-Сұлтанда 11,36; Шығыс Қазақстан жағында 10,40 болып қалыптасқан. Рас, бұл өңірлерде табиғи газ жоқ. Мұны айтып отырғанымыз – əлеуметтік желіге жазушылар атыраулық энергетиктердің қол созым жердегі Теңіз кенішінің «көгілдір отынын» кəдеге жаратып отырғанын тілге тиек етуі. Əйтсе де, Маңғыстауда да көмірсутегі шикізаты көптеп шығарылады емес пе? Ендеше, неге электр энергиясының төлемі жөнінде көш бастайды. Немесе «қара алтын» селін тасытып отырған Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбеде тариф тиісінше 11,29 жəне 8,75 теңгені құраған.

  • Ал, жерасты газы – сонау жетіқат тереңнен мұнаймен бірге ілесіп шығатын шикізат. Міне, осындай өңірлермен салыстырғанда Атырау облысында əр киловаттсағат электр энергиясының бағасы халыққа 4,55 теңгеден беріліп жатыр. Ендігі меже 4,73 теңге екен. Соның өзінде, байқап отырғанымыздай, басқалардан бірнеше есе аз. Ия, Атырау жылу-электр орталығы шикізат ретінде қолданып отырған табиғи газ қашық емес. Өз облысымыздың өнімі. Бірақ, «кісідегінің кілті – көкте» дегендей, оның да иесі бар. Атыраулық энергетиктер «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сатып алады. Қандай көлемде, қанша құнымен келіп жатқанын қазбалап қайтеміз?

Əйтсе де, егер жерлестерін басқалармен бағамдағанда арзан ток қуатымен қамтамасыз етіп отырса, онда инвестормен де икемді сауда саясатын жүргізіп отырғаны ғой. Жұртқа жайлы болса, коммуналдық қызмет көрсетуші кəсіпорынның қадамын құптаған жөн емес пе? Əрі, табиғи газ дегенмен, оны құрамындағы түрлі қоспалардан тазартып, тауарлы күйіне жеткізу үшін тиісті технологиялық қызмет атқарылатынын ұмытпалық. Ал, бұл оның бағасына азды-көпті үстеме қосады. Тұрлан Дошатов алдымызға тағы бір кестені тосты. Соңғы он жылда облыста электр энергиясының төлемі тізілген екен.

 Соңғы он жылдың өлшемі

Сол 2010 жылы қосымша құн салығынсыз əр киловатт-сағатқа 4,46 теңге тағайындалған екен. Байқайсыз ба, біз біртіндеп сол деңгейге оралып, төмен де түсіп келеміз. Сонда айқайға басатындай өсімді қайдан көріп отырмыз? Кəсіпорын 2013-2017 жылдары ірі инвестициялық бағдарламаны қолға алды. Өз қаражатымен атқарды. Мемлекеттен бір теңге де алған жоқ. Ал, мұндай шараға қаржы қайдан жиналады? Ия, оның бір көзі – тариф. Бұл қолданыстағы заңда жазылған. Жоғарыда қабылданған құжатта көрсетілген. Ендеше, оны ешкімнің бұзуына құқығы жоқ. Міне, осы уақытта атыраулық энергетиктерге жоспарлы жұмысын мəреге жеткізу үшін тарифті көтеруге рұқсат етілді. Яғни, бір киловатт-сағат қуат көзінің құны 5,11 теңгені құрады.

Соның нəтижесінде жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражат жиналды. Сөйтіп, белгіленген шаруаларды атқаруға мүмкіндік туды. Бірақ, осы тариф бес жыл бойы өзгермеген. Э н е р г е т и к т е р і р г е л і і с т і тындырғанымен, коммуналдық төлем ақысын үсті-үстіне көтеріп, халықтың қалтасына қайта-қайта қол салмаған. Ал, келесі, яғни 2018 жылы 4,51 теңгеге күрт төмендеткен. Былтыр да азайтылды. Ал, биыл ше? Не өзгерді?

  • « А т ы р а у Э н е р г о с а т у » ж а у а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігі 2020 жылғы 1 тамыздан бастап тарифті өсіру туралы уəкілетті органға хабарлама ұсынды. Шекті бағаны көтеруге негіздеме ретінде Энергетика министрлігінің биылғы 29 маусымдағы №243 бұйрығы алынды. Бұл құжат бойынша аталған министрліктің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына жасалған өзгерістерге орай энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатына жаңа шекті бағалар енгізілді. Ал, тариф құрылымындағы қалған шығындар сол күйінде сақталды. Демек, бұрынғы күйінде қалды. Республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда төлем бізде əлі төмен болып тұрғаны да содан шығар, бəлкім? Əйтпесе, анау Алматыдағыдай немесе көршілес Маңғыстаудағыдай үш-төрт есе асып кетсе, қайтер едік?

Рас, жұртшылықты елеңдететін де бір жай бар. Ол – өткен жылы Елбасының пəрменімен коммуналдық қызметтер құнының кемуі. Соның ішінде электр энергиясы да біраз арзандағанды. Бұл бастама екі себеппен көтерілді. Алдымен, сол кезде жұмысшылардың жалақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы, көп балалы аналардың жəрдемақысы м е н м ұ қ т а ж ж а н д а р д ы ң өтемақысы өскен.

Міне, сол табыс əр отбасының əлеуметтік ахуалын айықтыруға жұмсалуы шарт еді. Дүниежүзілік додада орнықсыздық орын алып, аумалытөкпелі кезең табалдырықтан аттағанда, қазақстандықтардың қалтасы қағылмауы көзделген. Өсім инфляцияның жетегінде к е т і п , т е к к е ж ұ т ы л м а у ы жоспарланған. Əрине, оңды шешім. Энергетиктердің өздері де – ел халқының бір бөлшегі.

Демек, мемлекет тарапынан көрсетілер қолдауға олар да құқылы. Əйтсе де, одан əрі, белгілі болғанындай, республиканың бірқатар өңірінде монополия мекемелер қолданыстағы ережені белден басып, тарифті өз еріктерімен орынсыз көтерген. Мұны құқық қорғау органдары анықтады. Еліміздің «Электр энергетикасы туралы» заңына сəйкес, тарифтерді мемлекеттік реттеу тетігі бар. Уəкілетті ұйымның рұқсатынсыз ешкім де тұтынушыдан қалаған ақысын ала алмайды. Осы талапты аяқасты еткендер жазаға тартылды.

Міне, осындай кемшіліктер салдарынан кейбір облыста коммуналдық қызмет құны кеміді. Бірақ, заңсыздыққа барғандардың қатарында атыраулық энергетиктер аталған жоқ. Əйтсе де, басқаларымен бірге тарифті төмендетуге тура келді. Сөйтіп, былтыр əр киловатт-сағатқа 4,35 теңге белгіленген-ді. Биыл уəкілетті органның рұқсатымен 4,55 теңге тағайындалды. Ендігі жоба, жоғарыда айтылғанындай, 4,73 теңгеге тең. Қайталап айтқанда, бұл Энергетика министрлігінің биылғы 29 маусымдағы №243 бұйрығына байланысты мүмкін болды. Өйткені, өзге өзгерістер көрсетілген жоқ.

Ептінің есебі түгел

Қолымыздағы құжаттарға қарағанда, электр энергиясының негізгі тұтынушылары – жеке азаматтар. Олар ортақ тізімде 69,02 пайызды құрайды. Бұлар үшін өсім 3,96 пайызды құрамақ. Демек, 0,18 теңге. Азды-көпті салмақ заңды тұлғаларға түспекші. Яғни, тауар өндіруші, түрлі жұмыс пен қызмет ұсынушыларға 9,58 пайызға көбеймек. Əйтсе де, теңгемен таразылағанда 1,79 ғана. Міне, осыдан кейін бұлардың өнімдерінің бағасы қымбаттауы туралы түсінік туындауы ықтимал ма? Ия, əбден мүмкін. Бірақ, қазір кəсіпкерлер де күнделікті құбылысты қалыпты қабылдайды.

  • Осынау өзгермелі өмірде нендей жайға да бейімделу керектігін т ү с і н е д і . Б ұ л а р д ы ң д е н і əлдеқашан энергия үнемдегіш жабдықтармен жарақтанған. Демек, өндіріс қуаты бұрынғыша, бірақ, ток қуатын анағұрлым аз жұмсайтын қондырғылармен қаруланып үлгерген. Ал, оған дер кезінде назар аудармағандары біраз шығынға белшеден батары кəміл. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деген осы. Бұған кім кінəлі?

Үнемдеуге үйренуге үгіттеген бастама көтерілгелі аз уақыт өтті ме? Ептілердің есебі түгел екенін бүгінде екінің бірі біледі емес пе? Есептеу құралдарын орнату өз алдына, соның көрсеткішіне де жиі көз салып тұрған дұрыс. Алдыңғы аймен салыстырғанда қаншалықты кеміді немесе көтерілді – таразыға тартылуы тиіс. Соған орай өндіріс қуаты қаншалықты артты? Егер соңғысында серпіліс байқалмаса, электр энергиясын тұтынуда тиімділік орын алмаса, онда төккен тердің текке кеткені. Міне, осы шығынды кəсіпкер кімнен өндіреді? Тұтынушының қалтасына қол сала ма? Оған кім рұқсат етеді? Пандемия кезіндегі шекті баға алда да сақталуы мүмкін.

  • Жалпы, нарықтық қатынастар қатты дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттерде де тауар құны жөніне жіберілмейді. Реттеліп отырылады. Оның үстіне, бизнес иелерінің негізгі əріптесі – халық. Егер ертеңгі күні соның сатып алу шамасы шектелсе, онда кəсіпкердің тонналап тасыған тауары кімге керек? Қолжетімсіз нəрсе иесін табар ма? Кəсіп иелері коммуналдық қызмет құны ма, əлде басқа қымбатшылық па – əбден талқыға тартып, өнімінің өзіндік бағамын бажайлағаны жөн. Рас, біраз өсім мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге байланысты болғалы тұр. Мұндағы көтерілу – 33,02 пайыз. Бірақ, теңгеге шаққанда небəрі – 6,39. Жалпы, қандай да кəсіпорынның табысынан түсетін салық – ортақ қордың еншісі.

Ендеше, энергетиктер де облыс қазынасын толтыруға сүбелі үлес қоспақ. Ал, ол, əріден қозғағанда, аймақтың əлеуметтік ахуалын сауықтыруға жұмсалмай ма? Сонда нендей ұтылыс бар? Айналып келгенде шешілетін мəселе біреу-ақ. Ауыл шаруашылығы құрылымы үшін 1,53 теңгені құрағалы отыр. Əрине, агроөнеркəсіптік кешенді қолдау қажет. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп те жатыр. Ал, тарифтің азды-көпті көтерілуі жергілікті өнімнің қымбаттауына негіз болар ма екен? Егер сондай жай орын алса, əрине, өкінішті. Бірақ, шағын ғана кəсіп иелері қалпына келтірілетін энергия көздерін көбірек қолданғаны өздеріне де тиімді емес пе?

Сайып келгенде, бес-алты, мейлі он шақты делік, фермерлік нысан үшін жүздеген миллион теңгелік электр желісі жүргізілмейді. Рас, егер келешекте кешенді құрылыс болса, онда жөні басқа. Əйтсе де, қазіргі кішігірім нысандарға жұмсалар қыруар шығын өзін ақтамайды. Сондықтан, фермерлік объектілерді күн сəулесімен немесе жел күшімен жұмыс жасайтын электр қуатымен қамтуды қолға алатын кез келді. А қ ы р ы н д а , « А т ы р а у Су Арнасы» коммуналдықмемлекеттік кəсіпорнына қатысты өсім 10,15 пайызды немесе 1,53 теңгені құрамақшы.

Бұдан ауыз су бағасы мен кəріз қызметі көтеріледі деген түсінік тумайды. Оның үстіне, табиғи монополияларды реттеу құрылымы бұлардың тарифтік ұсынысын қолдамаған тəрізді. Тектен тек емес шығар. Ақыры қазіргі күйінде де жұмыс жасай алатынын аңғарған болар. Оның үстіне, мекеме ілгергі жылдары энергия үнемдейтін қондырғыларды көбірек қондырып жатқандығын айтқан. Сол себепті тарифті өсіріп, инвестициялық бағдарлама қабылдаған. Кейінгі уақытта өзеннен алынатын суды тазалап, тұтынушыға тарату үшін жергілікті химиялық реагенттерді пайдалана бастаған. Яғни, ұқыптылыққа бет алғаны ғой. Ал, одан ұтылыс бар ма? Жылды табыспен қорытындыласа, өзін қаржыландыруға да шамасы жеткені емес пе? Ептінің есебі түгел екені содан.

Жалпы, Атырау энергетика кешенінде еңбек ететін жеті мыңның үстіндегі маман да тұтынушылар санатында саналады. Олар да өзге тұрғындармен бірге коммуналдық қызмет құнын төлейді. Осы орайда, бəзбіреулер «Атырау-Жарық» жергілікті бюджеттен миллиардтаған қаржы алады, соны қайда жұмсап жатыр?» деген қате түсініктің жетегінде жүр. Жеке кəсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік құрылымнан қаражат қаралмаған. Кəсіпорын ірі бизнес нысаны ретінде өзін қамтуы қажет. Сол тарифтің ішінде жұмысшылардың жалақысы да, күнделікті керекті нəрселер де бар.

  • Табиғи монополиялардың қызметін реттейтін құзырлы орын қырағы қадағалап отыр. Бір автоқалам алсаң да, есепке кіргізуге тура келеді. Ендеше, нендей заңсыздық жөнінде сөз айтуға болады? Тіпті, жасыратыны жоқ, кəсіпорында кадр тапшылығы да кездеседі. Шебер жұмысшыларға сұраныс бар. Мұнда келген мамандар əбден үйреніп, қызметтің қыры-сырына бойлап болған соң басқа жаққа жиі ауысып кетеді екен. Атырауда қаржысы қомақты отандық немесе шетелдік мұнай компаниялары көп. Соларға тартып кететін көрінеді. Ал, іштегі жалақыны өсіру үшін тарифке елеулі өзгеріс енгізуге тура келеді. Бұған энергетика кешені басшылығы бармай отыр. Əрі, құзырлы орын да рұқсат етпесі анық.

P.S.

Қысқасы, дүрлігетін түк кріп тұрған жоқпыз. Бизнес иелері де оң-солын санап, түсіністік танытып отыр. Аймақта энергетикалық қуатты дамытуға үлес қосуы қажеттігін ұғынған. Атыраулықтардың дені қазіргі жағдайды қалыпты қабылдады. Бұл бүгінгі ахуалға байланысты қашықтан ұйымдастырылған қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды. Жалпы, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, электр энергиясына қатысты тариф жеті жылға белгіленеді. Соңғы уақыттың сараптамасы крсеткеніндей, осы кезде ток қуатын шығару шығыны еселеп седі. Сол шақта монополия мекеме уәкілетті органға тарифті згертуге тініш беруге құқылы. …рине, баға мемлекеттік құрылым белгілеген млшерден жоғары болмайды. Рас, электр энергиясын тұтынушыға таратуда реніш жоқ емес. Бұл жнінде келесі материалда.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Электр энергетикасы – электр жəне жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау жəне тұтыну саласы»

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы

«Атырау-Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Тұрлан Дошатов алдымызға республика бойынша электр энергиясы тарифі тізілген тізімді ұсынғанда, расын айтқанда, таң қалдық. йткені, мұнайлы мекендегі қымбатшылық жнінде жиі естиді емеспіз бе? Азық-түлігі де аспандап тұр, жанармайы да жалына жан жуытпайды. Ал, қарапайым халыққа беріп отырған ток қуатының құны ше?

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз