Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған арнайы шот ашудың операторы болды

img 20210128 wa0078 Экономика

Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) есепке алу және  пайдалану жөніндегі уәкілетті операторы болды. Енді клиенттер онлайн режимінде Halyk Homebank қосымшасында бір реттік зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған арнайы шот аша алады. Арнайы шот ашу аталған төлемдерді алудың негізгі алғышарты болып табылады. БЗТ алудың екінші қадамы – өтінімді толтыру, бұл іс-әрекет аз уақытта қолжетімді болады.

Halyk Bank БЗТ операторы ретінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында БЖЗҚ-нан БЗТ-не арналған арнайы шоттарды келесі мақсаттарға ашып, жүргізеді:

  • бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге;
  • бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға.

Ескерте кететін бір жайт, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы/лауазымды адамы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіткеннен кейін, сондай-ақ Банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойғаннан кейін БЗТ алуға онлайн өтінім беру Halyk Homebank қосымшасында мүмкін болады.

Halyk Homebank қосымшасында біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған шотты қалай ашуға болатындығы туралы қосымша ақпаратты келесі сілтемеден қараңыз.

Мобильді Halyk Homebank қосымшасын осы  сілтеме арқылы өтіп, орнатып алуға болады. 

Банк жаңалықтарымен сайттан және Halyk Bank-тің әлеуметтік ресми парақшаларынан танысуға болады. 

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз