Есепсіз шығынға жол берілмейді
Қазына қаражаты мақсатты жұмсалуы тиіс. Өйткені, есепсіз шығын ел дамуына кесірін тигізіп, экономикамызға сызат түсіретіні жасырын емес. Биыл бірінші жартыжылдықта Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 22 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 3587,1 млн.теңгенің бұзушылықтарын анықтады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 323,5 млн.теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 3263,6 млн.теңгені құрап отыр. Электронды аудит қорытындысында жалпы сомасы 75,8 млн.теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болған.
Есепті кезеңде камералдық бақылау арқылы 11090 мемлекеттік сатып алу қамтылып, нәтижесінде 10686 мемлекеттік сатып алу бойынша 294208,1 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталып, қорытындысымен жіберілген 2998 хабарламалартолықтай орындалды.
Тексеріс барысында 128 лауазымды тұлға және 2 заңды тұлға жалпы сомасы 19,9 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 14,9 млн теңге өндірілді.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысында 15 лауазымды тұлға тәртіптікжауапкершілікке тартылды.
Бірінші жартыжылдықта департаментке 3421 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауаптары берілді.
Сондай-ақ, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту, Ішкі аудит қызметі жүргізген аудиторлық материалдарды ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары атқарылды.
Есепті кезеңде Ішкі аудит қызметі 10 аудиторлық іс шаралар жүргізіп, 2 аудит материалына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына ескертулермен сәйкес келетіндігі туралы сапа бақылауының қорытындысы берілді.
Мәулен МҮТИЕВ,
Атырау облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы