Атырауда креативті индустрия орталығы ашылады

617b70cd a8f5 473e a364 19a4fe5031b7 Жаңалықтар


Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті креативті Индустрия орталығын құруды қолға алды.


–Бұл орталық кәсіби сарапшылар қоғамдастығына маңызды мәселелер бойынша пікірталастар өткізеді. Идеялар мен шетелдік тәжірибе трансфертіне бастамашылық жасап, жаһандық процестерге талдау, мониторинг жүргізетін және олардың өңірге, жалпы елге әсерін бағамдайтын алаң болады. Орталық ақпараттық-насихаттау, кәсіби желілер мен қауымдастықтар, ұйымдастырушылық әлеуетті арнайы білім беру және өмір бойы білім алу арқылы нығайту, инкубаторлар мен акселераторлардың жұмысы, кластерлер мен хабтар құру, интернационалдану бағыты бойынша озық идеяларды іске асырады, – дейді аталған университеттің ректоры Гүлзада Шакуликова.

991ace40 7167 4cda a6cd 8793aa491f83

Қазір оқу орнының Студенттер сарайына Маруся Асаубаева атындағы жеке қордың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңа оқу жылында бұл орын соңғы үлгідегі заманауи жетістіктер қолданылатын креатив-хабқа айналады.

Сол арқылы университет базасында жұмыс істей алатын және қазақстандық, халықаралық нарыққа өз өнімдерін жасауға мүмкіндігі бар креативті жастарға жағдай жасалады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз