Жарнама
Экономика

«Достық» мұнайының көлемі көбейді

Қазақстан кейінгі уақытта Германияға жөнелтілетін мұнай экспортының көлемін күрт арттырды. Бұл көрсеткіште Атырау облысы аумағындағы Теңіз және Қашаған кен орындарында өндірілген «қара алтынның» үлесі қомақты екені анық.

Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы «Достық» мұнай құбыры арқылы Германияға жіберілетін мұнай көлемін 38%-ға немесе 1,086 млн. тоннаға арттырды.

Биылғы мамыр айында Теңіз мұнай кенішінде өндірілген «қара алтынның» есебінен Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарының мұнай көлемі толықтырылды. Соның нәтижесінде Қазақстан Германияға мұнай экспортын жыл басында межеленген 1,5 млн. тоннаның орнына 2–2,5 млн. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) бағыты бойынша тасымалданатын мұнай көлемі де 2025 жылдың алғашқы жеті айында 10%-ға немесе 923 мың тоннаға ұлғайды. Бұл ретте Ақтау теңіз портының ықпалы ерекше болғанын атап өткен жөн.

«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілгендей, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында магистралды мұнай құбырлары арқылы жалпы 22 млн. 268 мың тонна мұнай тасымалданған. Бұл – өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда бірдей көрсеткіш.

Ал Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген мұнай көлемі шамамен 9 млн. тоннаға жетіп, 6%-ға артқан.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: редакция мұрағатынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button