Жарнама
Экономика

«Даму» 1300-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсетті

Атырау облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 915 кәсіпкер субсидия алып, 392 жоба кепілдік алды.

–Бүгінде «Бірыңғай кешенді бағдарлама» жобасы аясында алты бағытта жұмыс жүргізілуде. Олар: микрокәсіпкерлік, шағын және орта кәсіпкерлік, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік, моно және шағын қала, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және қор биржасы. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банк, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар арқылы жеңіл несие алуға болады. Оларға тоқталсақ, «Даму өндіріс», «Үміт», «Даму-Факторинг», «Даму-Лизинг», «Даму-Микро», «Ислам қаржыландыру» және «Даму-Аймақтар». Қазір мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпорындар өз істерін дөңгелетіп, жақсы нәтижелерін көрсетуде, — деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АОФ директорының м.а. Ернар Жұмағалиев.

«Даму» қорынан аз пайызбен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі — Перизат Қанатқызы. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл жеңілдік кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Бүгінде кәсібі арқылы отыздан астам адамды жұмыспен қамтып, экономикаға өз үлесін қосуда. Сондай-ақ мұндай мүмкіндіктің бәсекелестікті арттырып, бағаның тұрақтауына ықпал ететінін айтады.

Атырауда 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 9,5 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 447 млрд. теңге салық төлеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button