Жарнама
Экономика

«Бизнес-реестр» – жаңа портал

  «Атамекен» палатасының нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы бизнеске арналған бірегей «Бизнес-реестр» интернет-порталын іске қосты.

  Порталға Қазақстанда заңды түрде әрекет ететін барлық кәсіпкерлер туралы мәліметтер: мекен-жайлары мен байланыс деректері, қызмет көрсету түрі, лицензиялары мен рұқсатнамалары, қандай тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алады немесе сататындығы туралы мәлімет топтастырылған. Сонымен бірге, ұсынылатын қызметтің кең ауқымды тізімі енгі-зілген» дейді орталық директоры Нариман Төлегенов. Мұнда отандық тауар өндірушілердің өндірісі мен технологиясы, білікті мамандары, техникалық регламенттері сияқты қосымша мәліметтер қамтылған. Енді қандай да бір өндіріс түрін жоспарлап немесе іске қоса отырып, отандық өндіруші өнімдерін қолдануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының сатып алу жоспарларын білуге болады.

  — Мәселен, кәсіпкердің жүз бас ірі қара малы бар делік. Ол етті экспортқа шығарғысы келсе, оны өз бетінше тоңазытып, көліктік-логистикалық компанияларды, тасымалдаушыларды және шетелдік сатып алушыларды өзі табуына тура келеді. Енді көліктік және кедендік логистикадан бастап, сертификаттар мен рұқсатнамалар алуға дейінгі барлық мәселелерді Ұлттық палата өз міндетіне алады. Біз тұтынушыларды тауып, тауарды сертификаттап, сынама партиясын жіберуге көмектесеміз. Одан кейін олар бізсіз де жұмыс істей беретін болады, — дейді орталық басшысы.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button