Жарнама
Экономика

БИІКТІК

Жарыстың бастамасында қоғамның әншісі Смадияр Мырзағалиев Табылды Досымовтың «Биіктік» әнін көрермендерге тарту етті.  Одан кейін сайыскерлер өз кезектерімен өнерлерін ортаға салды.

Бас жүлдені Атырау қаласынан Айзада Таникеева еншіледі. Айзада ақынның сирек айтылатын өлеңдерінің бірі «Солдат сағынышы» атты өлеңін нақышына келтіре орындап шықты. Бірінші орынға Индер ауданынан келген дәстүрлі әнші, қоғам мүшесі Еркін Әубәкіров лайық деп танылды. Еркін Табылдының әні «Күнікей қызды» қоңыр дауысымен домбырада сүйемелдеп айтты. Еркіннің екінші әні Т.Досымовтың  «Дендерге арнауы» болды. Екінші орынды Құрманғазы ауданынан келген ағайынды Рафаэль мен Рустам Шамбузовтар және атыраулық Данияр Идаятов бөлісті. Үшінші орынды Қызылқоға ауданынан Абылай Әділбеков және атыраулық Болдық Қабдешова місе тұтты. Шарада Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев ақынның жары Қарлығаш Досымоваға ескерткіш сыйлық тарту етті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button