БАЛҒЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ БАЙРАҒЫ

Жуырда Ресей елінде халықаралық жас зерттеушілер сайысы өткен болатын. Оған қатысқан Атырау қаласындағы Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдің 11-сынып оқушысы Фархат Қазим І дәрежелі жүлдемен оралды.

 

«Зымыранды ұшыру полигонының ұтымды орнын анықтау жобасы» тақырыбындағы еңбегімен көпшіліктің назарына іліккен жас зерттеуші мұндай жетістігі үшін өзінің ұстаздарына деген алғысы шексіз екенін айтады.

«Қазақстаннан қатысқан барлық талапкерлердің ішінен Фархаттың ең үздік деп танылуы – біз үшін үлкен мәртебе. «Болашақ – білімді жастардікі» дейтін болсақ, ғылымға деген қызығушылықты арттыратын мұндай байқаулар жас жеткіншекті жаңа тың ізденіске жетелейтіні сөзсіз. Фархаттың болашағынан зор үміт күтеміз» дейді оның ғылыми жетекшісі Айжамал Адырова.

Фархатты І дәрежелі орынға лайық деп тапқан Ресейдің қазылар алқасы оның еңбегіне ерекше көзқарас танытқан. Ал, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жеңісі үшін жас зерттеуші алдағы ҰБТ сынағын тапсырудан босатылды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз