Жарнама
Экономика

Атырауда ауыз су және газ мәселесі толық шешіледі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жариялаған 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының даму жоспары аясында өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша маңызды жобалар қолға алынды. Ауыз сумен қамту саласында 5 ауылда жаңа су құбыры салынып, Құрманғазы ауданының 2 ауылында су тазарту құрылыстары мен су желілері қайта жаңғыртылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыстың таза ауыз сумен қамтылу деңгейі 99,9 пайызға жетеді деп күтілуде. Электр энергиясы инфрақұрылымын дамыту бағытында 9 жоба іске асырылып, электр желілерінің тозу деңгейін 39,2 пайыздан 39 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Сонымен қатар, газбен жабдықтау жүйесін кеңейту мақсатында 2 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 6 ауылда газ желісі тартылып, 500-ден астам тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Бұл шаралардың арқасында облыстың газбен қамтылуы да 99,9 пайызға жетеді. Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button