Жарнама
Экономика

АТЫРАУЛЫҚ БАЛАЛАР АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨРУГЕ ЗАУЫТҚА КЕЛДІ

Балалар үшін ата-аналарының қайда жұмыс істейтіні, жұмыста немен айналысатындары қызық.

Жақында KPI компаниясында Балалар жылы аясында қызметкерлердің балалары арасында «KPI – Қазақстанның болашағы» атты сурет байқауы өтті. Оған 56 бала қатысып, ата-аналары салған зауыт туралы өз ойларын, идеяларын, көзқарастарын қағазға түсірді.

Біз балаларды марапаттауды өзгеше өткізуді ұйғардық – оларды зауытқа арнайы қонақ ретінде шақырдық. Балалар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, каскалар киді. Зауыт ішін аралады, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, инженерлер қондырғылар, нысандар туралы түсінікті қылып әңгімеледі, жұмыс процестерін көрсетті. Балалар кәсіпорынның дайын өнімі — полипропиленді де көрді.

9 жасар Іңкәр өз әсерімен бөлісті:

  • «Мен әкемнің жұмыс орнын көргеніме өте қуаныштымын. Полипропиленнен көптеген заттар, ойыншықтар, маскалар, құбырлар жасауға болады екен. Бізге өте қызықты болды».

Ри На Ким болашақта әкесінің ізімен жүргісі келетінін айтты:

  • «Мен әкем сияқты, үлкен компанияның қызметкері болғым келеді. Бүгін біз көп нәрсе білдік, соның ішінде кәдімгі газдан көр нәрсе жасауға болады екен».

Одан әрі марапаттау басталды. Жеңімпаздарды онлайн-дауыс беру арқылы қызметкерлердің өздері анықтады.
6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар санатында:
І орын — Адилова Зере (33 дауыс)
І орын-Азиз Айкөркем (33 дауыс)
ІІ орын-Текеев Ислам (24 дауыс)
ІІІ орын-Қуанышбаев Қасым (21 дауыс)
ІІІ орын-Пейчева Арина (21 дауыс)

  • 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар санатында:
    І орын — Әділов Ахат (28 дауыс)
    ІІ орын-Қайыркелді Айша (25 дауыс)
    ІІІ орын-Ким Ри На (23 дауыс)
  • 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар санатында:
    І орын-Жұмадилла Диас (23 дауыс)
    ІІ орын-Мұхамбет Әли (22 дауыс)
    ІІІ орын-Химеден Нұрлан (18 дауыс).
    Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ түрлі сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты бөлім KPI әнұранын орындаумен аяқталды. Кейін қонақтар түскі ас ішіп ауқаттанып алды.

Экскурсия аяқталғанмен, балалардың ойында кәсіпорынға деген қызығушылық қалды. Олар үйлеріне жаңа білім және жағымды әсермен оралғандарына сенімдіміз.
Айта кетейік, KPI компаниясында әлеуметтік қолдау мақсатында отбасының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік көмек түрлері, оның ішінде баланың туылуына байланысты материалдық көмек, балабақшаларға баратын мектеп жасына дейінгі балалары бар жұмыскерлерге ай сайынғы ішінара өтемақы; мектепке дайындық кезеңінде мектеп жасындағы балалары бар жұмыскерлерге біржолғы төлем көрсетіледі. Қызметкердің отбасы мүшелерін, оның ішінде 21 жасқа дейінгі балаларды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету де қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай жалғасатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button