Өткен жылы өңірдегі бюджеттік түсімдер 310,4 млрд теңгеге артты

img 6694 Экономика

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресовтің төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Бисен Юсубалиев департаменттің негізгі міндеті – мемлекеттік бюджетті толықтыру болғандықтан, бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан негізгі бағыттарға тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің жоспары 100,4% орындалған. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,3% немесе 310,4 млрд теңгеге артқан.

img 6693

Сондай-ақ ол, мемлекеттік қызметтерді электронды түрге көшіру туралы да айтып өтті.

-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, қолданысқа енгізді. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған. Бұл әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін қолайлы. Олар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелгесін, тиісті салық режимін таңдаулары қажет. Мұндай азаматтар үшін ең қолайлы режим – «E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы арқылы жасалатын арнайы салық режимі,- деді Б.Юсубалиев.

Сонымен қатар оның айтуынша, «E-salyq Azamat» мобильды қосымшасы арқылы салық төлеушілер тарапынан өздеріне қажетті салықтар және салық салу объектілері, оларды есептеу мен төлеу, басқа да туындаған мәселелер бойынша онлайн ақпарат алуға, мүлік салығын онлайн төлеуге мүмкіндіктер қарастырылған. Оған қоса, жалпыға бірдей декларациялау аясында 250.00 нысанды «Активтер мен міндеттемелер», 270.00 нысанды «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы» есептерді табыс етуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз