Жарнама
Экономика

Атырауда жылу үшін артық төленген 11 миллион теңгеден астам қаражат қайта есептелді

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірде жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қайта есептеу бойынша талдау жүргізді.

Осылайша, өткен жылыту маусымында облыс аумағында сыртқы ауаның нақты жоғары температурасы ескеріліп, тұтынылған жылу көлемі қайта есептелді.

Нәтижесінде, 2024–2025 жылғы жылу беру маусымында 5 табиғи монополия субъектісі бойынша жалпы сомасы 11 011 953 теңгеге (ҚҚС-мен қоса) қайта есептеу жасалды. Аталған субъектілер: «Жылыой Су» МК, «Иманалин» ЖК, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ.

Толығырақ айтсақ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ бойынша жалпыүйлік жылу есептеу аспабы орнатылмаған үйлерде – 5 779 080 теңге. «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бойынша:
Нұрсая ш/а – 3 327 094 теңге, Балықшы кенті – 740 716 теңге, «Жұлдыз» ш/а – 377 621 теңге. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК бойынша:
Атырау қаласы (1-участок) – 200 784 теңге, Исатай ауданы – 464 249 теңге, «Жылыой Су» МКК – 117 769 теңге, «Иманалин» ЖК – 4 640 теңге.

Департамент басшысы Арман Өтегеновтің айтуынша, «Табиғи монополиялар туралы» заңның талаптарына сәйкес, табиғи монополия субъектілері сыртқы ауаның нақты температурасына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуге міндетті. Бұл есептеулер тікелей тұтынушыларға қайтарылады немесе, мекенжай нақты белгіленбеген жағдайда, алдағы төлемдер кезінде тарифті төмендету жолымен жүзеге асырылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button