Жарнама
Экономика

Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқынды ма?

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, биыл  облыста барлық қаржыландыру көздерінен 750 мың шаршы метр тұрғын алаңды пайдалануға беру жоспарланған. Оның 181 мың шаршы метрден астамын бюджеттік тұрғын үй құрайды. Алғашқы жарты жылда бұл меже артығымен орындалып, 237,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1 420 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 260 мың шаршы метрге жуықтайтын 2 944 пәтерлік 47 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Мұның 8-і арендалық және 39-ы арендалық үйлер.

– Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясы арқылы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде Махамбет, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат  аудандарының орталықтарында 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы қолға алынды. Былтыр халықтың әлеуметтік осал топтарын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 262 (Атырау қаласында – 132, Индер ауданында – 10,  Құрманғазыда – 20, Қызылқоғада – 64, Мақатта – 14 және Махамбетте – 22) пәтер сатып алынды. Осындай жолмен биыл да 195 пәтерді сатып алу көзделіп отыр, — деді басқарма басшысы.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button