Елімізде қарақұмық, сәбіз және жұмыртқа арзандады

wallpapers 453551 Экономика

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2018 жылдың наурызында 0,4 пайызға көтерілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

wallpapers_453551-800x480

Есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдері 1,6 пайызға қымбаттап, өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,3 пайызға арзандаған.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында қарақұмық бағасы 2,7 пайызға, қара бидай – 1,8, бидай – 0,4, жүгері – 0,3 пайызға арзандапты. Ал сұлы 1,6 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, тары бағасы 1 пайызға және күріш 0,4 пайызға көтерілген.

Жылы жерде өсірілетін қияр – 24,1, орамжапырақ – 5,1, жылы жерде өсірілетін қызанақ – 3,4 және картоп пен ас қызылшасы 05 пайызға қымбаттаған. Ал сәбіз 0,8 пайызға арзандап, сарымсақтың да бағасы 0,4 пайызға түскені байқалады. Асбұршақ 4 пайызға және күнбағыс тұқымы 3,7 пайызға түсіп отыр.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз