Жарнама
Экономика

Атырауда бутадиен зауытының құрылысы басталады

2026 жылы Атырауда бутадиен зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы LS интернет-порталы хабарлады.

Аталған зауыт «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында салынатын болады. Осы мақсатта жер телімі бөлінген.

«Самұрық-Қазына Өңдеу» еншілес ұлттық компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта барлық шешуші бағыттар бойынша жоспарланған шаралар аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоба «Татнефть» мұнай компаниясының (Ресей Федерациясы) қатысуымен жүзеге асырылады. Ресейлік тараптың үлесі 75%-ды құрайтын болады. Зауыт құрылысы келесі жылдың алғашқы жартысында басталады деп күтілуде. Осыған байланысты инвесторлар қажетті шешімдер қабылдап, тиісті шаралар қабылдауда.

Бекітілген кестеге сәйкес, еркін экономикалық аймақ аумағында кәсіпорынның сыртқы инфрақұрылымын жобалау жұмыстары басталып кеткен. Бұл жұмыстарды 2027 жылдың II–III тоқсандарында аяқтау көзделген. Қазіргі уақытта жобаның жалпы құны есептеліп жатыр. Қажетті қарыздық қаржыландыру үшін қазақстандық даму институттары мен халықаралық банктерді тарту жоспарланған.

Айта кету керек, болашақ бутадиен зауытының жоспарланған қуаты – жылына 300 мың тонна өнім шығару. Бұл – өте ірі жоба. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде 2,2 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Ал зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 750-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Былтырғы жылдың ақпан айында жүргізілген алдын ала бағалаулар бойынша, жобаның іске қосылғандағы құны 414,52 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button