Көлік алуға кредит беретін «7-20-25» секілді бағдарлама әзірленеді

8509209 Жаңалықтар

Ұлттық банк автокөлік сатып алуға кредит беру үшін «7-20-25» секілді бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

8509209

«2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтарының отандық өндірістен шыққан автокөліктерді сатып алуы үшін несие беру бағдарламасын әзірлеуге және қаржыландыруға дайын. Бағдарлама нарық принциптеріне негізделеді, банктер арқылы, «7-20-25″ бағдарламасының инфрақұрылымы базасында жүзеге асады», — деді Ақышев. 

Ол автокөлік өндірісінің экономикаға мультипликативтік тиімділігі болған соң, осы сала таңдалып отырғанын атап өтті. 

«Қысқа мерзімде үкіметпен және банктермен бастаманы егжей-тегжей талқылауға әзірміз», — деді банк төрағасы. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банктің бұл ұсынысын қолдады. 

«Несиелеу үшін тұтынушыға да, өндірушіге де тиімді болатын салаларды таңдау керек», — деді Елбасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз