Жарнама
Экономика

Маман даярлау – басым бағыт болуы тиіс

Атырау қаласында өткен мұнай-газ саласына арналған халықаралық форум өз маңыздылығын көрсетті. Форумда әлемнің түрлі елдерінен келген сарапшылар мен мамандар саладағы соңғы жаңалықтар мен инновацияларды талқылады. Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуеті мен мүмкіндіктері айқын көрініс тапты. Мұндай іс-шаралар отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық әріптестікті нығайтуға зор мүмкіндік береді. Форумның нәтижесінде жаңа серіктестік байланыстар орнап, технологиялық прогресс туралы пікірлер айтылды. Мұндай шаралардың Атырауда өтуінің маңызы зор.

Мұнай-газ саласына мамандандырылған университет ретінде мұндай шараның біздің болашақ мамандар үшін де пайдалы болары анық. Индустриалды өңір ретінде технологияның дамуы өте маңызды. Әсіресе, мұнай-газ саласындағы инновациялар мен білікті мамандарды дайындау – аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен өсімінің негізгі факторларының бірі. Инновациялық технологияларды енгізу өндіріс тиімділігін арттырып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға көмектеседі.
Сондықтан жаңа технологияларды зерттеп, оларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жоғары деңгейлі мамандарды даярлау – басым бағыттардың бірі болуы тиіс. Бұл үшін ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен және халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты нығайту қажет.

Әсем ИМАНҒАЛИЕВА,
C.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Н.Надиров атындағы мұнай-химия инженериясы және экология институтының аға оқытушысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button