Жарнама
Экономика

Атырауда 32 мыңнан астам әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркелген

Атырау облысында әрбір екінші кәсіпкер — әйел. Бұл олардың өңір экономикасындағы белсенді рөлін және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін дәлелдейді.

Биыл облыста 56 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың 32 мыңнан астамы — әйелдер, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

97aa5cc5 64fe 4340 b852 b2a3ff8a8093

Өңірде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында бірнеше бағдарлама жүзеге асуда. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында биыл 36 әйел кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды иеленген 16 кәсіпкердің 14-і — әйелдер. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы 71 әйел кәсіпкер қаржылай қолдау алды. Сондай-ақ «Бизнес-аймақ» өңірлік бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңге есебінен әйелдерге тиесілі 8 жоба қаржыландырылды.

-Осы жылы сервистік қызметтер көрсету бағытында 373 кәсіпкерлік субъектісіне 382 қызмет көрсетілді. Соның 161-і — әйел кәсіпкерлер. Бұл әйелдердің бизнестегі белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деді Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Сәттіғұл Сабыров.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button