0 1

Елімізде кәсіпкерлерге арналған жаңа бағдарлама жұмыс істеп жатыр

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Экономика

Аtr.kz/27 мамыр, 2020 жыл. Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.


Оның аясында биыл бизнесті сервистік қолдау бойынша 1061 адамға қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 2751 кеңес беру жоспарлануда.



«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында жергілікті кәсіпкерлік палатасының директоры Абдолла Идресов айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.



«Бүгінгі таңда аудан орталықтарында 7 кәсіпкерлікті қолдау көрсету орталықтары жұмысын жалғастыруда. Өткен жылы аталмыш орталықтар арқылы 2193 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар 6553 адамға кеңес берді.



Қазіргі уақытта бухгалтерлік және салық есептері, кәсіпкерлердің өтінімдерін сүймелдеу,  заң мәселелері,  маркетинг,  мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен кен өндірушілердің сатып алуларындағы мәселелер бойынша бизнесті сервистік қолдау көрсетілуде» деп атап өтті спикер Абдолла Идресов.



Еске сала кетелік, өткен жылы бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 1765 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 1943 қызмет түрлері көрсетілді.
Пандемия жағдайына қарамастан, Атырауда кәсіпкерлерге онлайн түрде қызмет көрсетілді.


Жыл басынан бері бизнесті сервистік қолдау компоненті бойынша 164 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 173 қызмет түрлері көрсетілді. Оның ішінде 47 кәсіпкерге 50 қызмет түрі онлайн түрінде көрсетілді. Және 576 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдарға 1478 кеңес берілді, оның ішінде кеңестің 128-і онлайн түрінде берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған