Атырауда «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» 5 жаңа жобаны қосу жоспарланып отыр

WhatsApp Image 2018 04 25 at 10.35.18 Шаһар шырайы

Атырау облысында «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» 5 жаңа жобаны қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айхын Елеусізов мәлімдеді. 

WhatsApp Image 2018-04-25 at 10.35.18

Спикердің айтуынша, жобалардың жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. Жобаның іске қосғанда өңірде 107 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Кәсіпкерлік картасына» енген жобалардың қатарында мыналар бар:

– «New Ascent» ЖШС (тауарлы бетон өндіру зауыты);

– «АНТА» ЖШС (бір реттік стакан шығару өндірісі);

– «Plasticcom» ЖШС (полиэтилен пакеттерін өндіретін кәсіпорын);

– «Атырау бетон 24» ЖШС (темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт);

– «Эко Пластик» ЖШС (пластикалық қалдықтарды өңдеу зауыты).

«New Ascent» ЖШС ( тауарлы бетон өндіру)

«Аталған жобаларды іске асыруда мемлекет тарапынан несиелерді субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, кепілдендіру және грант бөлумен қамтамасыз ететін болады», – дейді Айхын Елеусізов.

Ал биыл жыл соңына дейін жалпы құны 19,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 254 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Олар «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШСтфармацевтикалық зауыт құрылысы, «MEKEN CHICKEN»ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасы, «Карат» ЖШС диірмен құрылысы, «Атыраунефтемаш» ЖШС ыстық мырыштау әдісімен коррозияға қарсы қорғағыш қаптамаларымен қаптау өндірісі.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Казхимпродакшн» ЖШС-нің циклогексан өндіру зауыты жұмысын басталады. 85 адамды жұмыспен қамтитын жобаның құны – 21,4 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» шеңберінде Атырау облысында құны 71,8 млрд. теңге құрайтын 1471 жұмыс орнын ашумен 23 жоба жүзеге асырылуда.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз