Жарнама
Экономика

Аспанасты елімен ынтымақтастық келісім орнады

Жақында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бен Қытай экспорт-импорт банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Соның нәтижесінде мұнайлы өлкеде де маңызды жобаларды жүзеге асыруға жол ашылмақ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қытай экспорт-импорт банкі (Эксимбанк) басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюмен кездесті. Онда  екіжақты байланыстың бұған дейінгі табысты нәтижелері айтылып, ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Атап айту керек, 2012 жылы Эксимбанк Атырау мұнай өңдеу зауытында жобаларды іске асыруға қатыстқан. А.Хасенов банктің нарықта, әсіресе Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру кезіндегі мол тәжірибесін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ мен Эксимбанк арасындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

А.МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button