Қазақстанда алаяқтар Halyk Bank атынан қайта алдай бастады

c93ac7712500e4ac853e2786470e8429 big Жаңалықтар

Қазақстанда алаяқтар Halyk Bank атынан қайта алдай бастады. Бұл жолы олар сауалнамадан өткен үшін жақсы смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтар ұсынуда.

Бұл туралы «Stopfake.kz» сайты жазды. «Бейілділік бағдарламасы» аясында Halyk Bank-тің сауалнамаларынан өтіп, IPhone12 pro немесе басқа жүлделерді ұтып алуға болады. Ал банктің Instagram-дағы ресми парақшасында Halyk Bank-тің ешқандай сауалнама өткізбейтіні айтылған, сондай-ақ пайдаланушыларды сақ болуға және өз деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға үндейді.

Айта кетейік, сауалнамалар екі түрлі интернет-парақшала орналастырылған, олардың ешқайсысы банктің ресми парақшасы болып табылмайды. Екі сайттағы «ұтыстар» туралы сауалнамалар мен пікірлер бірдей. Онда жеке мәліметтерге арналған тармақшалар бар. Ал бұл мәліметтерді білген алаяқтар төлем карталарына, жеке аккаунттарға және өз құрбандарының смартондары мен компьютерлерінде сақталған ақпаратқа қол жеткізе алады.

Зиянкестер адамдарды Halyk Bank атынан бұған дейін де алдауға тырысқан. Алаяқтар сауалнамадан өткендердің барлығының картасына ақшалай сыйақы жіберуге уәде берген. Банктің ресми өкілдері мұндай сауалнамалар мен ұтыс ойындарын өткізбейтіндерін бірнеше рет хабарлаған болатын.

Кибералаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Фишинг және оның құрбаны болмау туралы мына жерден оқи аласыз.

whatsapp image 2021 03 09 at 10.05.18
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз