Жарнама
Экономика

АМӨЗ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

СКГ-ны автокөлікпен жөнелту әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығару көлемінің азаюына әкелуі мүмкін.

Атырау мұнай өңдеу зауытында бір айдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілген Каталитикалық Крекинг қондырғысы 22 қараша күні іске қосылды. Бұл сұйытылған көмірсутек газын (әрі қарай — СКГ) өндіру көлемін тәулігіне 800 т, яғни қалыпты көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік берді. «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС сыйымдылығына сәйкес көлемдегі СКГ-мен қамтамасыз етілуде.

Алайда, Энергетика Министрлігінің шешіміне сәйкес СКГ-ны әкету жұмыстары тек автокөліктер арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл өз кезегінде жеткілікті көлемдегі жөнелтуді қамтамасыз ете алмайды.

Сақтау паркіндегі СКГ-ны жөнелту көлемінің аздығына байланысты алдағы уақытта зауыттың технологиялық қондырғыларды жүктеу көлемі де азаюы мүмкін. Бұл өндірістік жоспардан ауытқып қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін (автобензин, сұйытылған көмірсутек газы, дизельді отын) шығару көлемінің төмендеуіне әкеледі.

Дегенмен «АМӨЗ» ЖШС сақтау паркінен СКГ-ны жөнелту көлемін қалыпты жағдайға келтіру үшін қажетті іс-шараларды қолға алуда.

АМӨЗ басшылығы ҚР Энергетика Министрлігі, БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдерінен және СКГ-ны жанармай құю бекеттеріне жеткізуші компаниялардан дайын өнімді сақтау паркінен қажетті көлемде әкету жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button