Аймақ басшысы Азғырды аралады (+ФОТО)

306326929 5520442441342633 7968747924681125705 n Экономика

Серік Шәпкенов Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында алдымен Азғыр ауылдық округі Қоянды топтық су құбырының жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мұндағы 6 ұңғыма 9 ауылды таза сумен қамтиды. Алайда су жүйесінің әбден тозығы жеткен. Қазір бір ұңғыма толық, екіншісі жартылай жұмыс жасап тұр. Қалғанының жөндеу жұмыстары әлі күнге аяқталмаған. Жаңадан 6 ұңғыма қазу үшін Құрманғазы ауданы әкімдігінде ЖСҚ жасақталып, қаржы бөлініп, мердігер мекеме анықталуда.

Сонымен қатар облыс әкімі Балқұдық зоналдық ветеринариялық зертханасына барды. Аталған мекеме тамыз айында қайтадан іске қосылған. Мұнда 10 ветеринар қызмет етеді. Мамандар қызметтік көлікпен, ғимаратты көгілдір отынмен қамтамасыз етуді, жаңа нысанға көшіруді сұрады.

Аймақ басшысы Азғыр ауылдық округіндегі Балқұдық жалпы орта мектебінің ахуалымен танысты. Биыл шілде айында қатты желдің салдарынан білім ошағының шатыры ұшып кетті. Осылайша ғимарат төбесінің 700 шаршы метр аумағы бүлінді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жарияланды. Ол 16 қыркүйекте нақтыланып, жөндеу жұмыстары жоспар бойынша қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Азғыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Жиында аймақ басшысы округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

– Мен Азғыр өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды араладым. Көптеген көкейкесті мәселеге қанықтым. Негізгі проблемалар біртіндеп шешіліп жатыр. Атап айтқанда облыс орталығынан шалғайда тұрып жатқан азаматтарға дәрі-дәрмек қолжетімді болуы үшін дәріхана ашылады. Оны ауылдық амбулатория жанынан ашу бойынша тиісті мамандарға тапсырма бердім. Бұған қызығушылық танытқан кәсіпкер де бар. Дәрі-дәрмектерді тұрғындарға қолжетімді бағамен сату үшін кәсіпкерге облыс әкімдігі тарапынан бірқатар жеңілдіктер жасалады. Мәселен оның шығындарын азайту үшін дәріханаға арналған орын тегін беріледі. Сол себепті кәсіпкерге дәрінің үстіне қосатын үстемені 5-10%-дан көтермесін деген талап қойылады,-деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Азғыр ауылдық округінде 2584 тұрғын бар. Мұнда 3 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 полиция бөлімшесі жұмыс істейді.

Жиыннан соң облыс әкімі Азғыр ауылында салынып жатқан 100 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Facebook» желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

306340832 5520442431342634 1295943661629745209 n
306364427 5520442438009300 7226054552459452798 n
306472532 5520442418009302 8787535154333374581 n 2
306600933 5520442421342635 8738787099249236301 n 2
306476903 5520442424675968 4018132803291747828 n 1
306459680 5520442411342636 5397566667598564432 n 2
306593504 5520442434675967 7266154461470931777 n 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз