САЛЫМШЫЛАРҒА ТАҢДАУ ҚҰҚЫҚТАРЫ БЕРІЛДІ

a882ea23 ae3f 47ef 843a 755cea882570 Экономика

Республиканың барлық өңірлерінде дерлік шектеу шараларының сақталуына қарамастан, БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына жарналар түсіп жатыр. Оларға 2020 және 2021 жылдары есептелген инвестициялық табыс өткен жылдардың көрсеткіштерінен асып түсті.
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға өзшоттарын бақылау және басқа да зейнетақы қызметтерін алу мүмкіндігін жеңілдету үшін барынша заманауи әрі ыңғайлы қызметтерді ұсынуда. Бұл туралы бізге «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ Әбуұлы ҚҰЛБАРАҚОВ баяндап берді. 

– Қозыбақ Әбуұлы, биыл зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне елеулі өзгерістер енгізді. Олардың ең бастыларына тоқталып өтсеңіз. 

–Еңкөпталқыланатынмəселелердіңбірі – қазақстандықтардың өз жинақтарының бір бөлігін ағымдағы кезек күттірмейтін қажеттіліктерге, атап айтсақ, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы. Сондай-ақ, салымшыға инвестор болу – инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау жəне оған өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудару мүмкіндігі пайда болды. 

Зейнетақы жинақтарының ұлғаюына жəне кейін оларды ұзақ мерзімді пайдалануға ықпал ететін басқа да маңызды жаңалықтар бар. Мысалы, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері əдістемесінің, ерікті зейнетақы жарналарын ашу жəне төлеу шарттарына өзгерістер енгізілді. 

– Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үдерісінде БЖЗҚ-ның атқаратын ролі қандай? 

– Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ- да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жəне (немесе) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар тұлғалар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) ем- делу ақысын төлеу үшін пайдалана алады, ол үшін: 

1) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ жəне (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жинақталған зейнетақы қаражатының ең аз жеткіліктілік шегінен асып түсуі тиіс. 

2) Орташа айлық табысты алма- стыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республи- ка бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі. 

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасағандар; 

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ жəне (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерінен аспауға тиіс. 

Ең алдымен, азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдала- ну құқығын іске асыру үшін өздерінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізулері тиіс. Қордың enpf.kz корпоративтік сайтындағы жеке каби- нетте, сондай-ақ, БЖЗҚ жаңартылған мобильді қосымшасында осы жылдың қаңтар айынан бастап алу үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты онлайн режимінде тексеру мүмкіндігі іске асырылды. Зейнетақы жинақтары туралы қажетті мəліметтерді egov.kz порталы арқылы да алуға болады. 

БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейін тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (не- месе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған салымшылар (алушылар) арнайы шот ашу жəне электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш беру үшін уəкілетті операторға интернет-порталы арқылы жүгінуге тиіс. 

Осылайша, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне (немесе) емделуге ақы төлеу мəселелері жөніндегі барлық өтініштерін уəкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды жəне азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш жасау талап етілмейді. 

Атырау облысы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 43 575 өтініш орындалып жəне уəкілетті оператор-банктерде ашылған азаматтардың арнайы шоттарға 235 млрд. теңге аударылды. Бұл көрсеткіш бойын- ша облыс аударым сомасы Маңғыстау облысынан, Алматы жəне Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін төртінші орын алады. 

Атырау облысы бойынша емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1,1 млрд. теңге сомасына 8 641 өтініш орындалды. Бұл Қазақстан өңірлері бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш. Сонымен қатар, өтініш берушінің белгіленген мерзімде өзге себептер бойынша пайдаланбауына бай- ланысты 1,1 млрд. теңге уəкілетті операторлардан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) ЖЗШ-ына қайтарылды. 

– Әрине, тұрғын үй алуға және емделуге алынған біржолғы төлемдер болашақ зейнетақының мөлшеріне әсер етуі мүмкін екенін елемеуге болмайды. Зейнеткерлікке шыққан кезде салымшы үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің салдары қандай болуы мүмкін? 

– Сіз дұрыс айтасыз, жинақтардан алынған кез келген біржолғы төлем салымшының болашақ зейнетақысына əсер етуі мүмкін. Болашақта ол біржолғы төлем алу мүмкіндігін пайдаланбаған салымшыларға қарағанда төменірек зейнетақы алатынын есте ұстаған жөн. 

Зейнетақы жинақтарын алуға мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі əрбір жас үшін, тым болмағанда ең төмен жалақыдан тұрақты жарналар кезінде салымшы өзінің жеке зейнетақы шотында базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерін алып тастағандағы (2021 жылы – 43 272 теңге) бір ең төмен зейнетақы мөлшерінде БЖЗҚ – дан ай сайынғы төлемдерді алу үшін жеткілікті сомаға (2021 жылы – 18 524 теңге) ие болатындай етіп есептелген. Басқаша айтқанда, Қордан берілетін ең төменгі ай сайынғы төлемдер 24 748 теңгеден кем болмайды (2021 жылғы есеп бойынша). 

Сондықтан зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану салымшылардан қаржылық сауаттылықты, күтілетін зейнетақыны бағалау қажеттілігін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін мұқият екшеуді талап етеді. 

– 2021 жылғы ең көп талқыланып жатқан мәселелердің бірі – БЖЗҚ-дан төлем жасау әдістемесінің өзгеруі, түзету неге байланысты енгізілді? 

– 2021 жылдың 1 сəуіріне дейін қолданыста болған əдістемеге сəйкес БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы сомасының мөлшері жыл сайын қайта есептеліп, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының қалдық сомасын олардың ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісінің он екіден бірін құрады. Ағымдағы құн коэффициенттері 2000 жылдардың басында өзекті болған өмір сүру ұзақтығы, кірістілік жəне т.б. өлшемдерді ескере отырып айқындалды. 

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа Əдістемесіне сəйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан ба- стап ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Кейіннен жыл сайын индекстеліп отыра- тын болады. 

Осылайша, жаңа əдістеме индекстеудің болуына байланысты азаматтарға кейінгі жылдары зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың түсінікті, қарапайым жəне болжамды тəртібін қамтамасыз етеді. Бұл азаматтардың жеке қаржысы мен отбасылық бюджетті жоспарлау кезінде маңызды. 

– Болашақ зейнетақымызды көбейтудің маңызды құралы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) туралы білгім келеді, бұл мәселеде қандай өзгерістер болды? 

– Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – бұл салымшылардың өз бастамасы бой- ынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, жеке жəне заңды тұлғалар үшінші тұлғаның пайдасы- на аудара алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы зейнетақы жинақтары бар: 

1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған; 

4) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды. 

Бұл төртінші санат заңнамаға 2021 жылғы 1 мамырдан бастап енгізілді. Осы жаңашылдыққа сəйкес ЕЗЖ бой- ынша төлемдерді ерікті зейнетақы жар- налары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған барлық адамдар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 20 немесе 30 жастан бастай оты- рып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды. 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген екінші деңгейдегі банктер жарналарды онлайн режимінде (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін де ұсынады. Бұдан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі тағы бар, оның негізінде жұмыс беруші БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны өтініш берушінің не үшінші тұлғаның пайдасына тұрақты түрде аударатын болады. 

– БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызметтер ұсынудың жеделдігімен жəне жоғары са- пасымен ерекшеленеді. Өз салымшыларыңызға қандай қызмет түрлерін көрсететіндеріңізді жəне қазақстандықтардың қандай өтініш беру тəсілін жиі таңдайтындарын айтып берсеңіз. 

– БЖЗҚ көрсететін қызметтер саны жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, біз салымшыларымыздың қандай да бір қызмет түрлеріне деген қажеттіліктерінің өсіп жатқанын көріп, бұл сұраныстарды қанағаттандыруға тырысып, тіпті алдын- ала болжай аламыз. 

БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинетте салымшылардың қызметтерді кез келген уақытта жəне кез келген жерде алу мүмкіндігі бар екенін естеріңізге сала кетейін. Мысалы, қазір азаматтар алу неме- се ИПБ-ға аудару үшін жеткілікті соманың шотта бар-жоғын 2-3 минут ішінде тексере алады. 

2021 жылдың 1 қазанына автоматты форматта (өтінішсіз жүгінулер) 5,1 мил- лионнан астам қызмет немесе жалпы көлемнің шамамен 17% көрсетілді. 

Нəтижесінде БЖЗҚ-ның 90 пайыздан астам қызметін үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. 

Қор бөлімшелері жоқ елді мекендерде қызметтердің бір бөлігін (хабарлау тəсілін, салымшының (алушының) қосымша деректемелерін өзгертуді) «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен алуға болады. 

2021 жылдың 9 айында филиалдың Көшпелі қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері Атырау облысының көптеген шалғай елді мекендеріне ұзақтығы үш күннен бес күнге дейін 30 рет іссапарға шықты. Оның ішінде: 

Жылыой ауданында – 5 іссапар (4 елді мекенде), Индер ауданында – 11 іссапар (10 елді мекенде), Құрманғазы ауданында – 4 іссапар (10 елді мекенде), Қызылқоға ауданында – 6 іссапар (6 елді мекенде), Исатай ауданында 4 іссапар (4 елді мекенде) жүзеге асырылды. 4 985 қызмет көрсетіліп, 4 454 салымшыға кеңес берілді. 

2021 жылдың 9 айында Операциялық бөлімнің кеңселерінде алдын-ала жазылу бойынша филиал 67 292 қызмет көрсетті. 

Оның ішінде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер саны – 4 281, оның ішінде: 

– жасына жетуіне байланысты – 97; 

– мүгедектіктің белгіленуіне байланы- сты –123; 

– ҚР тыс жерге тұрақты кету – 103; 

– салымшының қайтыс болуына бай- ланысты (жерлеуге) – 1 658; 

– салымшының (мұрагерлерге) қайтыс болуына байланысты – 2 232; 

– БЖЗҚ-да кемінде 5 жыл болған ЕЗЖ есебінен – 68. 

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компанияларына аудару туралы өтініш – 1 564. 

Сондай-ақ, филиалда дербес кеңес беру аймағы ұйымдастырылған, онда операциялық бөлімнің қызметкерлері əрбір салымшыға зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспар- лау бойынша қызмет көрсетуге дайын. Ағымдағы жылдың тоғыз айында 12 734 салымшы зейнетақы калькуляторының қызметін пайдаланды. 

Анықтама (БЖЗҚ АҚ 2021 жылдың 1 қазанындағы негізгі көрсеткіштері) 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында шамамен 13,1 трлн. теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. 

Жарналардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн. бірлік. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі аралықта таза инвестициялық та-быс 1,1 трлн. теңге болды. 

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшы- ларына 2,1 трлн. теңгеден астам қаражат төледі. 

Атырау облысы бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 691 млрд. теңгені құрады. 

Қарақат ЕЛЕМЕСҚЫЗЫ 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз