Жарнама
Экономика

АЭС құрылысы – кезек күттірмейтін іс

Атырау өңірінде электр қуатына деген сұраныс жыл санап өсіп келеді. Бұл сәйкесінше жаңа баламалы электр энергиясын талап етеді.

Биыл Атырау қаласына қарасты Талғайраң ауылында 5 көшенің электр желісі жөнделеді. Электриктер бригадасы күніне 12 тірек бағанды ауыстырып, жаңа қосылған нысандарға электр желісін жалғауда. Жалпы жоспар бойынша осы жылы облыста түрлі кернеудегі 1700 шақырым электр желісі жаңғыртылуы тиіс.
Бүгінде «Атырау-Жарықтың» тұтынушылары сағатына 320 мВт электр энергиясын пайдаланады. Осындай көрсеткішпен жазда шілде айының өзінде 240 млн. киловатт/сағаттың үстінде энергия тұтынылды.
Атырау облысындағы «Теңіз», «Қашаған», «Қазақстанның тұңғыш газ химиясы» кешені секілді ірі жобалар өздеріне қажетті электр энергиясын табиғи газдан өндіреді. Бірақ тұрақты қуат көзін қарастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан атыраулықтар 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасағаны жөн.

Қуат СИСЕНҒАЛИЕВ,

«Атырау-Жарық» АҚ бірінші вице-президенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button