Жарнама
Экономика

2025 жылы елімізде 96,2 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарлануда – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында биыл мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары туралы баяндады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр 2025 жылға мұнай және газ конденсатын өндіру жоспары 96,2 млн. тоннаны құрайтынын атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда 9,7% өсім күтілуде. Негізгі ұлғайту 2025 жылдың ІІ тоқсанында іске қосылуы жоспарланған Теңіз кен орнын келешек кеңейту жобасын іске асыру есебінен жоспарланып отыр. Осы жылы инвестициялар шамамен $533 млн-ды құрайды.

–Қарашығанақта шикі газды кері айдаудың 6-компрессорын іске қосу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл өндіру көлемін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді. 2025 жылы инвестициялар шамамен поряд $144 млн-ды құрайды, — деді Алмасадам Сәтқалиев.

«Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобалары аясында жұмыс жалғасып жатқаны атап өтілді.

Сурет: ru.freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button