4 пайыздық автонесиені қалай алуға болады?

071ea55b86a081cace1d75b66d3b6be2 slider СарапTime

«ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЕН «ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ», ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 4 ПАЙЫЗДЫҚ АВТОНЕСИЕ ШАРТТАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БРИФИНГ ӨТКЕН БОЛАТЫН. ҚАЗАҚПАРАТ ОСЫ ШАРАДА АЙТЫЛҒАН АҚПАРАТТАР НЕГІЗІНДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІНЕ ШОЛУ ЖАСАДЫ.

4 пайыздық несие рәсімдеудің қысқаша нұсқаулығы мынадай:

1 Бағдарламаға қатысушы адам дилерлік орталыққа барып, Қазақстанда жасалатын көліктердің ішінен өзіне қажетін таңдайды. 2. Егер ол таңдаған көлік (қалаған жиынтығымен қоса) бар болса, автосалон VIN-коды бар төлем шотын ұсынады. Ол төлем шоты 5 күнге жарамды. 3. Осы 5 күннің ішінде тұтынушы екінші деңгейлі банктердің біріне барып қолындағы VIN-коды бар төлем шоты арқылы өтінім рəсімдейді. (Əзірге бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 4 банк белгілі. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» жəне Еуразиялық банк». Соның ішінде бүгін сағат 14.00-ден бастап «Центр кредит банкі ғана өтінім қабылдап бастады). «Өнеркəсіпті дамыту» қоры» акционерлік қоғамының басқарма басшысы Ғалымжан Əдидің айтуынша, осы аптаның ішінде қалған үш банк те қосылуы керек. 4. Банк өтінімді қабылдағаннан кейін өзінің электронды кезегіне тіркейді. 5. Несие беру туралы оң шешім шығару үшін банк өтінім иесінің төлем қабілеті мен несие тарихын тексереді. 6. Өтінім мақұлданса, банк кепілхат береді. 7. Тұтынушы ол кепілхатты дилерлік орталыққа (автосалонға) апаруы керек. Дилерлік орталық төлем шотын берген күн мен тұтынушы кепілхат əкелген күннің арасында бес күннен артық уақыт өтпеуі керек. Бір адам неше рет 4 пайыздық несие ала алады? Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар. Неғұрлым көп адам алу үшін бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ала алады», – деді Ғалымжан Əди.

Кезек қалай бақыланады?

Көлік алғысы келген адам автосалонға барып көлік таңдайды. Осыдан кейін брондалған көлік туралы мəлімет өндіруші компанияның ішкі жүйесіне енгізіледі. Сол арқылы өндіруші қай қалаға қандай автомобиль қашан жеткізілуі керек екенін біліп отырады. Бұл электронды кезек əрбір өндіруші компанияның өз ішінде қалыптастырылады. Тұтынушы осылайша автомобильді брондағаннан кейін қолына құжат беріледі. Егер тұтынушы таңдаған көлік сатылымда бар болса, VIN-коды көрсетілген төлем шоты көрсетіледі. Осы құжатпен екінші деңгейлі банкке барып, жеңілдетілген несие бойынша көлік сатып алу туралы өтінім беріледі. Егер тұтынушы таңдаған көлік сатылымда болмаса, өндіруші қашан жеткізілетінін айтады. Əдетте бұл алдын-ала сату-сатып алу немесе бронға қою келісім-шарты түрінде рəсімделеді. Əдетте төлем шоты автосалонға таңдалған көлік келіп түскен сəтте бірден беріледі. VIN-коды көрсетілген төлем шотын алған адамға 5 күн уақыт беріледі. Сол 5 күннің ішінде тұтынушы тапсырыс беріп, төлем қабілетін тексертіп, мақұлдаса, кепілхат алады. Ол кепілхатты автосалонға апарады. 5 күннің ішінде тұтынушы қоңырауға жауап бермей немесе өзі бармай, немқұрайдылық көрсетсе, дилерлік орталықтағы адамдар хабарласады. Онда да байланысқа шықпаса, ол көлік бойынша төлем шоты басқа адамға беріледі. Көлікті алу төлем шоты мен банктегі процестен ғана тұрмайды. «Автоцонға» барып көлікті тіркеу қажет. Бұл əр жеке тұлғаның құжаттардың бəрін қаншалықты ж ы л д а м ж и н а п , р ə с і м д е г е н і н е байланысты. «Өнеркəсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы Ғалымжан Əдидің айтуынша, əр банк өзінің дербес автоматтандырылған кезек жүйесін белгілейді. «Несиеге мақұлдау алған азаматтардың аты-жөні сол кезекке түседі. Осы азаматтар сол тізімнен өз өтінімінің мəртебесін бақылап отырады», – деді қордың басшысы.

4 пайыздық автонесиені кімдер алуға құқылы?

« Қ а з а қ с т а н А в т о б и з н е с » қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашеваның мəліметі бойынша, 4 пайыздық несиені Қазақстан Республикасының азаматтары ғана ала алады. Екінші деңгейлі банктер тұтынушының несие тарихы мен төлем қабілетін тексергеннен кейін өтінімді мақұлдау не бас тарту туралы шешім шығарады. Ал шетел азаматтары бұл нəсиеден үміттене алмайды. Бірінші кезекте кімдер несие алады? «Бірінші кезекте автосалонда бар көлік бойынша өтінім берген адамдар пайыздық автонесие рəсімдей алады. Яғни, бірінші кезекте деп басымдық берілетін белгілі бір санат болмайды. Бəрі кезек негізінде реттеледі», – деді «Өнеркəсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы Ғалымжан Əди. 4 пайыздық несиеге банкте неге үстеме пайыз қосылады? Ө н е р к ə с і п т і д а м ы т у қ о р ы н ы ң басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров 4 пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үстіне қосылатын пайыздық үстемелер əр банкте əр түрлі болуы мүмкін екенін айтты. «Жеңілдетілген автонесие бойынша ғана емес, бүкіл несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінен бөлек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бар. Несиенің пайызы осы тұрғыдан өседі. Ал Үкімет белгілеген 4 пайыз сыйақы мөлшерлемесі өспейді. Иə, қосымша комиссиялар мен сақтандыру шығыны бар. Сыйақы Үкімет қаулысы бойынша жеке төленеді. Сондықтан несие қымбаттап отыр. Ал сақтандырусыз несие ала алмайсыз», – деп түсіндірді Ринат Гаппаров.

Бұл несие зейнеткерлерге беріле ме?

«Бүгінде зейнеткерлер бойынша айтсақ, зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар жəне кредиттеу несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», – деді «Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова. Көлік ұнамай қалса, өтінімдегі VIN-кодты өзгертуге бола ма? «Автонесие алғысы келетін тұтынушыларға мына мəліметті жеткізу маңызды. Автосалонда бар көлікке өтінім беріп, сол бойынша несиені жылдам ала қою мүмкін емес. Бағдарлама шарты бойынша, кезекте көрсетілген көліктің маркасы мен моделін өзгертуге болмайды. Тұтынушы VIN-коды бар төлем шотын алып қойған болса, басқа көлікке ауыстыра алмайды. Айнып қалса, басқа көлік алу үшін қайтадан басынан бастап кезекке тұру керек болады», – деді қордың өкілі. Сондай-ақ, ол кезектің иесін де өзгерту мүмкін емес екенін ескертті. «Нақты бір адамның атына жазылған төлем шотын басқа адамға беруге рұқсат жоқ. Яғни төлем шотындағы жеке тұлғаның аты-жөнін өргертуге болмайды. Сонда төлем шотында көрсетілген көліктің түрін де, адамның атын да өзгерту мүмкін емес», – деді Ринат Гаппаров.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз