
Әрбір екінші кәсіпкер — әйел
МҰНАЙЛЫ ӨҢІРДЕ ӘРБІР ЕКІНШІ
КӘСІПКЕР – ӘЙЕЛ. ЯҒНИ ОБЛЫСТА 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІ ТІРКЕЛСЕ, ОЛАРДЫҢ 32 МЫҢНАН АСТАМЫ – НӘЗІКЖАНДЫЛАР
ЕКЕН. БҰЛ ОЛАРДЫҢ ОБЛЫС
ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ РӨЛІН КӨРСЕТСЕ КЕРЕК. МЕМЛЕКЕТТІК
ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
ТИІМДІЛІГІНІҢ ДӘЛЕЛІ ДЕ.
Өңірде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында бірнеше бағдарлама жүзеге асуда. «Бизнестің жол картасы – 2025»
бағдарламасы аясында биыл 36 әйел кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша мемлекеттік
қайтарымсыз гранттарды иеленген 16 кәсіпкердің түгелге дерлігі әйелдер. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
Атырау филиалы арқылы 71 нәзікжанды жан қаржылай қолдау алды. Сондай-ақ «Бизнес-
аймақ» өңірлік бағдарламасы аясында 8 жоба қаржыландырылды.
Осы жылы сервистік қызметтер көрсету бағытында 373 кәсіпкерлік субъектісіне 382
қызмет көрсетілді. Соның 161-і – әйел кәсіпкер.
Бұл әйелдердің бизнестегі белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетеді,-деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының
бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыров.
Бек АЙДАРӘЛИ